Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәурен қайғыруда": Бейтаныс азамат Ақбота Сейітмағамбетті гүл шоқтарымен көмкерді (фото)

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Осы жылы жолдасымен заңды түрде ажырасып кеткен Ақбота Сейітмағамбеттің жеке өмірінде жақсы жаңалықтар орын алып жатқан көрінеді. Әншіні белгісіз ер азамат алып гүл шоғымен көмкеріп, жалғызбасты өнер иесіне ерекеш көңіл күй сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет жаңа жыл қарсаңында ерекше үлкен гүл шоғына ие болғаны туралы Instagram желісінде өз оқырмандарымен бөліскен. Алайда, белгілі әнші бұл тосын сыйды нақты кім жасағанын білмейтін болып шықты.

Өнер иесі мереке алдында өзіне керемет көңіл күй сыйлаған бейтаныс азаматқа өз алғысын айтты.

Жалғызбасты актрисаның алып гүл шоғымен түскен суреті желіде бірден қызу талқыға түсті. Қалың көпшілік Ақбота Сейітмағамбеттің жеке өмірі түзеліп келе жатқанына қатты қуанса, енді бірі раушан гүлдерді кім жібергенін біле алмай әлек болуда.

"Бота бақытты болыңыз. Сіз соған лайықсыз" , "Кім болса да, жараған екен. Өте әдемі гүл шоғы" , "Дәурен мына фотоны көріп қайғырып жатқан шығар" , "Бейтаныс азамат жарады. Гүл деген кез келген арудың көңіл көтеретіні анық", "Кімнен болды екен. Өте қызық болып тұр" , "Бұрынғы жолдасыңызбен қайта қосылмаңыз. Бір рет сатып кеткен адам, тағы да солай істейді"
"Қай батыр болды екен бұл?" , "Сіздің жеке өміріңіз түзеліп келе жатқанына қуаныштымыз" , "Сыйлауға тұрарлық азаматтан болғай, керемет букет. Қуаныштымын, ештенеге өкінбей бақытты өмірдің есігін сәттілікпен ашкайсын" , "Белгісіз адам мынадай гүл жіберсе, демек ниеті түзу" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1891935-duren-kajgyruda-bejtanys-azamat-akbota-sejitmagambetti-gl-soktarymen-kmkerdi-foto/

pixel