Биыл Қазақстан атынан "Әлем аруы" байқауына кімнің қатысатыны белгілі болды
Опубликовано:

"Мисс Қазақстан" байқауының ұйымдастырушылары биыл "Әлем аруы" сайысына ел атынан кімнің қатысатынын айтты.
Ұйымдастырушылар ақпаратты Instagram парақшасында хабарлаған.
"Осы қиын кезеңде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қатысушылар қайырымдылық жұмыстарына белсене қатысты: олар пандемиямен күресуде дәрігерлерге көмектесті, пандемиядан зардап шеккен отбасыларға және аз қамтылған отбасыларға көмектесті.
Әсіресе осы қиын кезеңде "Қызылорда аруы-2019" байқауының жеңімпазы - 18 жастағы Камилла Серікбай өзінің адалдығымен және басқаларға көмектескісі келетіндігімен ерекшеленді. Сондықтан, "Қазақстан аруы" байқауының дирекциясы Камиланы "Әлем аруы-2021" байқауына жіберуге шешім қабылдады! Оның "Әлем аруы" халықаралық байқауында біздің мемлекетіміздің абыройын лайықты түрде қорғайтынына сенімдіміз", - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, биыл "Әлем ханымы-2020" сұлулық байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен 86 әдемі келіншек қатысты. Қазақстан намысын қорғаған Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова олардың арасында топ жарып, конкурстың Гран приін иеленді.
Кеінірек, Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы кезде өзіне қатысты желіде айтылып жатқан түрлі сыни пікірлердің барлығына жауап берді. Ол өз жеңісінде жолдасы Қайрат Нұртастың ықпалы қаншалықты болғанын ашып айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892020-biyl-kazakstan-atynan-lem-aruy-bajkauyna-kimni-katysatyny-belgili-boldy/