Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық Ninety One тобы туралы әйгілі ВВС телеарнасы не жазды

Опубликовано:

"91" тобы
"91" тобы. Фото: instagram.com/ninetyone

ВВС телеарнасы әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық танымал топ Ninety One туралы жазба жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

ВВС телеарнасының Instagram парақшасында қазақстандық төрт жігіттен құралған топ туралы жазба жарық көрді.

Телеарна жазбасында әншілер бастапқыда сыртқы келбеті үшін біраз сынға ұшырағанымен халықаралық танымалдылыққа ие болғаны айтылған.

BBC жазуынша, қазақстандықтардың таңғажайып бейнеклиптерін, әдемі әуендерін, есте қалар би қимылдарын және шығармашылық қабілеттерін Оңтүстік Кореяда пайда болған K-pop музыка жанрына жатқызуға болады. Алайда бұл - Qazaq pop немесе Q-pop жанры.

Сонымен қатар, телеарна "Ninety one" сөз тіркесі бұған дейін ашық киім мен гомосексуализмнің үлгісі болғанын атап өткен.

Еске сала кетсек, әнші Ерке Есмахан өзінен 9 жас кіші Ninety One тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаевпен бірге Дубайда бірге демалып жүргені туралы видеолар жарияланды.

Айта кетейік, "Әлем ханымы – 2020" атанған Жұлдыз Әбдікәрімоваға байқаудың лентасы мен тәжі ресми түрде табысталды.

"24 желтоқсан соңғы дауыс беру күні болды. Ал 23 желтоқсанда олар маған хабарласып, поштамен тәж бен лентаны жіберіп жатырмыз деді. Бір күн бұрын жөнелтті. Өйткені олар да, біз де Жұлдызды ешкім басып оза алмайтынын түсініп отырмыз", - деді байқаудың Қазақстандағы ресми өкілі Арай Әлімхан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892211-kazakstandyk-ninety-one-toby-turaly-jgili-vvs-telearnasy-zazdy/

pixel