Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаштың әкесі оның фотосын агитацияға заңсыз пайдаланып жүргендерге шүйлікті

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: kudaibergenov.dimash

Қанат Айтбаев ұлы Димаш Құдайбергеннің фотолары сайлауалды агитацияға қолданылып жатқанына қатысты пікір білдірді. Қазақстандық таланттың әкесі мұндай іс-әрекеттер заңсыз екенін ескертті. Оған қоса, ол Димаштың ешбір партия мүшесі емес екенін және саяси партияларға ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайбергеннің әкесі бұл мәселеге қатысты өз ойын Facebook желісіндегі ресми парақшасында жеткізген.

"Әлеуметтік желілерде Димаштың суретін қолданып, түрлі партияларға дауыс беруге "үндеу жасап" жүрген суреттері таратылып жүр екен. Халықаралық келісім-шарттарымызға сәйкес және өмірлік ұстанымы бойынша ол ешқандай саяси науқанға қатыспайды. Танымал тұлғаның суреті мен есімін заңсыз қолдануға болмайды" , - деп жазды Қанат Айтбаев.

Айта кетерлігі, Димаштың саяси агитацияға қатысты фейк суреттері желіде қызу резонанс тудырып үлгерген.

Желі қолданушылары жас әртіске саясаттан тыс болу туралы өтініштерін білдіріпті.

Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892540-dimasty-kesi-ony-fotosyn-agitacia-sin-zasyz-trde-koldanyp-zrgenderge-sjlikti/

pixel