Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экология министрлігі Төреғалидың өлі аңмен түскен фотосуретіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Фото
Фото: Төреғали Төрәлінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Танымал әнші Төреғали Төрәлінің қанға боялған өлі аңмен түскен фотосуретіне қатысты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі түсініктеме берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министрлік мәліметінше, бастапқыда ел тұрғындарынан суретте түлкі бейнеленген деген хабарламалар келген. Алайда кадрдағы аң шиебөрі.

"Шиебөрі жануарлардың реттелетін түрлеріне жатады. Жыл сайын оларды ұстау лимиті анықталады. Егер жергілікті аңшылық шаруашылықтарынан аң аулауға рұқсат болса, шиебөрілерді аулауға тыйым жоқ", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Дегенмен ведомство бұны жануарларға қарсы зорлық-зомбылықты насихаттауға бағытталған фото ретінде бағалап отыр.

"Бұндай суреттердің жариялануын экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жануарларға қарсы зорлық-зомбылықты насихаттау деп есептейді", - делінген хабарламада.

Өнер иесінің өзі басылым беттерінде осы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ол Tengrinews.kz тілшісіне жануарға ешкім оқ атпағанын жеткізген.

Төреғалидың сөзінше, шиебөріні тазы тұқымдас иттер аулапты.

Қазіргі уақытта көптің талқысына түскен суретті танымал әртіс парақшасынан өшіріп тастады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық әнші өзінің Instagram-да өлі аңның басын ұстап тұрған суретті жариялаған болатын. Фото өнер иесінің оқырмандары арасында қызу пікірталас тудырды.

Кейінірек осы жағдайға қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдіріп, аталған жайтқа қатысты тексеру жұмыстары басталғанын хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892581-ekologia-ministrligi-tregalidy-li-amen-tsken-fotosuretine-katysty-pikir-bildirdi/

pixel