Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Renzo" тобының әншісі шаңырақ көтерді

Опубликовано:

Асқар Ахмет жарымен
Фото: Видеодан кадр

"Ringo World" орталығында қуанышты жағдай. Алуа Қонарова продюсерлік ететін "Renzo" тобының әншісі Асқар Ахмет шаңырақ көтерді. Оның таңдауы кімге түскенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Белгілі болғандай, талай қыздың арманы болған Асқар Ахметтің жүрегін Майя есімді ару жаулап алған. Бойжеткеннің желідегі суреттеріне қарап, оның шоу-бизнес саласына қатысы болуы мүмкін екенін айтуға болады. Оның Instagram парақшасында түрлі концерттік шаралардан фотолары бар.

Асқар Ахмет үйленіп алғанын әлеуметтік желі арқылы барша жанкүйерлеріне хабарлады. Жас жұбайлар карантин кезінде некелескен. Олар пандемия жағдайына байланысты үлкен той жасамауды жөн көрген.

"Бәріне сәлем. Менің дайректіме күнделікті қасымдағы қыз туралы сұрақтар толассыз жаудырылуда. Сол себепті бір рет жауап беріп өтейін деп шештім. Таныс болыңыздар, Мйя менің жарым, заңды әйелім. Еліміздегі жағдайға байланысты үйлену тойын жасамауды жөн санадық. Біз жауапкершілігі мол адамдармыз. Қысқасы, ренжітпеңдер" , - деп жазды Асқар Ахмет.

Айта кетейік, Асқар Ахмет белгілі продюсердің қарамағындағы "Renzo" тобының бас мүшесі болып табылады. Оған қоса, ол "Ringo" тобында өнер көрсеткен Батыр Байназаровтың туған інісі болып келеді.

Сонымен қатар, KAZ.NUR.KZ бұған дейін 2020 жылы бақытын тауып, тұрмыс құрған жұлдыздар топтамасын жасаған болатын. Отандық шоу-бизнес өкілдері карантин кезінде бірінен соң бірі шаңырақ көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1892760-renzo-tobyny-nsisi-sayrak-kterdi/

pixel