Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Керімбекова Шымкентке лауазымды қызметке келді

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Фото: Instagram/botakerim

Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова жаңа қызметке тағайындалды. Өнер иесі Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының орынбасары болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Керімбекованың тағайындалуына қатысты жаңалықпен алғашқылардың бірі болып, әншінің өнердегі құрбысы Индира Елубаева бөліскен. Ол эстрада жұлдызының жаңа қызметке ауысуы жайлы Instagram парақшасында хабарлап, оған жаңа жұмыс орнында сәттілік тілеген.

"Менің Ақбота дос-құрбым бүгін Шымкент қалалық мәдениет басқармасының орынбасары болып тағайындалды. Құтты болсын айтып, жұмысына абырой мен береке , бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі - мәдениет пен өнер.Өркендеуге нәсіп етсін Алла" , - деп жазған Индира Елубаева.

Желі қолданушылары да Керімбекованы бұл жетістігімен құттықтап, оған өз ақ тілектерін жаудырған.

"Құтты болсын, жұмысыңыз алға бассын" , "Барлық әншілерді Шымкентке жіберіп жатқаны қызық" , "Күтпеген жаңалық. Құтты болсын. Жетістіктеріңізге тоймай жүре берейік" , "Тағайындалуыңызбен, сіз үшін қуаныштымын" , - деп жазуда халық.

Еске сала кетейік, Керімбекованың алдында белгілі әнші Майра Мұхамедқызы Шымкент қалалық Опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Оған қоса, "МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымының" басшылығына келді. Ол директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1893332-akbota-kerimbekova-symkent-kalalyk-mdeniet-baskarmasyny-orynbasary-boldy/

pixel