Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты сөйлеп жібердім": Анасын ренжітіп алған Бақаева ел алдында одан кешірім сұрады

Опубликовано:

Салтанат Бақаева анасымен
Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

"Арнау" тобының әншісі әрі актриса Салтанат Бақаева анасына қатты сөйлеп қойып, оны ойламаған жерден ренжітіп алды. Алайда, шоу-бизнес өкілі өз қатесін бірден түсініп, әлеуметтік желіде елдің көзінше анасынан кешірім сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева анасымен арада болған түсініспеушілік жайында Instagram парақшасында айтып берді. Өнер иесі анасын ренжітіп алғанына қатты өкінетінін жеткізіп, көпшілікті жақындарына барынша мейіріммен қарауға шақырды.

Әнші ару жазбасынан бөлек, анасына қоңырау шалып, одан кешірім сұраған.

"Мама кешірші мені. Мен еркелетіп Анамды Света деп атаймын кейде. Неге екенін білмеймін бірақ кейде біздер бөтен адамдардың алдында өзімізді жақсы жағымыздан көрсеткіміз келеді ал ата-аналарымызды немесе әпке бауыр сіңілдерімізге мінез көрсетуден аянбаймыз. Неге? Мен бүгін мысалы болмайтын нәрсе үшін анама қатты сөйлеп қойған сияқтымын. Сол үшін өзімді жайсыз сезініп,дереу анама хабарласып кешірім сұрадым. Мен сияқты сізде жақыныңызды ренжітіп қойсаңыз міндетті түрде кешірім сұраңыз. Кештеріңіз қайырлы болсын" , - деп жазды Салтанат Бақаева.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының бұл игі әрекетіне тәнті болып, оған өз жылы лебіздерін білдірген. Олардың айтуынша, өз қатесін ел алдында мойындай білу - үлкен ерлік.

"Жарайсың, әркім мұндай сырымен бөлісе алмайтын еді" , "Сондай қарапайымсыз ғой. Тіпті анаңызды ренжіткеніңізді жасырып қалмадыңыз. Көпшілікпен бөлісіп, өз сырыңызды айттыңыз" , "Шынымен, неге басқаларға жақсы көруге тырысамыз да, туғандарымызды көп ренжітіп алып жатамыз" , - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1893474-katty-sjlep-ziberdim-anasyn-renzitip-algan-bakaeva-el-aldynda-odan-kesirim-srady/

pixel