Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі жақсы": Жолдасымен татуласқан Сәдуақасова елді қуантты (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова жолдасымен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова жолдасымен арадағы мәселені шешіп, онымен татуласқан көрінеді. Желідегілердің мұндай пайымдарына ерлі-зайыптылардың ерекше фотолары негіз болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова мен оның жолдасы арадағы барлық өкпе-ренішті ұмытып, бәрін артта қалдырғанға ұқсайды. Әнші ұзақ уақыттан бері Instagram парақшасында алғаш рет күйеуімен бірге түскен фотосын жариялап, оған махаббатқа толы жазба арнады.

"Сақалы өсіп , сәл жүдеген болса да , бірақ мен үшін бұл дүниедегі ең мықты, ең сымбатты, жаныма , жүрегіме ең жақын адам менің қасымда. Бәрі жақсы, шүкір" , - деп жазды Сәдуақасова.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларды қайтадан бірге көргендеріне аса қатты қуанып, оларға өз жылы лебіздерін жарыса білдіріп жатыр.

"Жұптарыңыз енді жазылмасыншы. Бақытты болыңыздар" , "Өте жарасымды жұпсыздар. Енді ұрыс-керіс дегенді ұмытып, бақытты ғұмыр кешіңіздер. Қызды болыңыздар" , "Сондай жарасасыздар. Сіздердің қайтадан бірге екендеріңізді көру неткен бақыт. Ұзағынан болсын. Енді түсініспеушіліктер қайталабасын" , "Сіздер үшін сондай қуаныштымын. Бақытты болыңыздар" , "Араларыңыз ешқашан ажырамасын. Барлық қыиндықты бірге еңсеріп келесіздер" , "Енді сіздерге бала бұйырсын" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кету керек, пандемия басталғалы халық арасында Мадина Сәдуақасованың ажырасып кеткені жайлы қауесет тарап кетті. Әнші бұл ақпараттарды растап та, жоққа шығарған да жоқ. Оның желідегі мұңға толы жазбалары керісінше ел күдігін ушықтыра түсті.

Алайда, кейіннен өнер иесі жолдасымен арада түсініспеушілік туғанын мойындаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1893767-bri-zaksy-zoldasymen-tatulaskan-sduakasova-eldi-kuantty-foto/

pixel