Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаев коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті

Опубликовано:

Мейрамбек
Мейрамбек Беспаев. Видеодағы кадр: youtube.com/Хабар Show

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, "МузАРТ" тобының белді мүшесі Мейрамбек Бесбаев коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Кеше жедел жәрдем шақырды. Кенеттен жағдайы нашарлап кетті. Бірінші пневмония деді, кейін коронавирус диагнозы қойылды", – деді "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбай. 

Ол қазіргі уақытта әншінің жағдайы жақсарғанын айтты.

"Бастапқыда ол бұл дертке сенбеген болатын. Сондықтан халық та өз денсаулығына барынша мұқият болсын деп, болған жағдайды айтып отырмыз", – деді Жүнісбай.

"МузАРТ" тобының директоры Мейрамбек Бесбаев дәрігерлерге алғыс білдіргенін жеткізді.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті. Өткен тәулікте 978 адамнан коронавирус анықталған.

Оған қоса, "Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы" Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 қаңтардағы қаулысы Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жария болды.

Сонымен қатар, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы қызыл аймаққа енгені туралы жазған болатынбыз.

Айта кеткен жөн, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметіне сәйкес, 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі ұшып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894157-mejrambek-besbaev-koronavirus-diagnozymen-auruhanaga-tsti/

pixel