RU

"Дұғадамыз": Отандық жұлдыздар Мейрамбек Бесбаев үшін алаңдаулы

Мейрамбек Бесбаев
Фото: Instagram/nazerke_kozinova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары ауруханаға түсіп қалған Мейрамбек Бесбаевтың денсаулығы үшін қатты алаңдауда. Күні кеше өнер иесінің коронавирус инфекциясын жұқтырып алғаны белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық танымал әртістер қауіпті індетке шалдыққан өнердегі әріптесін қатты уайымдап жатыр. Өнер жұлдыздары бұл ауыр кезеңде оның қасында бола алмаса да, желіде барынша қолдау білдіруге тырысуда.

Шоу-бизнес өкілдері бірінен соң бірі Instagram желісінде Мейрамбек Бесбаевқа жазба арнап, оған зор денсаулық тілеуде.

"Мейрам бауырым. Алла шипасын берсін. Алла ұзақ өмір берсін өзіңе.Дұғадамыз досым" , - деп жазды Нұрлан Еспанов.

"Мәке, Алла шипасын берсін! Тезірек сауығып шық. Отбасыңа, өзіңе амандық тіледім. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын" , - деп қолдау білдірді Қабатов.

"Өзің үшін Аллаға дұға еттім. Тез сауығып кет, досым! Ғұмыр жасың ұзақ болсын", - деп жазды белгілі журналист Ақберген Елгезек.

"Ауырмандарш! Құрысын індет", - деген жазба қалдырды продюсер Алтынбек Рахметов.

"Қайбір жылы Мейрамбек ауырғанда жалғыз ұлымның тілеуін тілемесем де, Мейрамбектік тілеуін тіледім", деп еді бір анамыз. Қазақтың бағына туған баласы Мейрамбек бірнеше күн бұрын короновирустың жеңіл түрімен ауырып бастап еді, кеше кешкісін қысымы қатты көтеріліп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Аллаға шүкір, бүгін жеке палатаға шықты. Жағдайы қалыпты. Мұсылманның қаруы - дұға. Әбіләшімұлы мен Мейрамбек үшін дұға тілеп қойыңыздаршы. Қазақтың Мейрамбегі, әулетінің тірегі, "МузАРТтың" жүрегі жүзге жетсін" , - деп жазды Сәкен Майғазиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894221-dgadamyz-otandyk-zldyzdar-mejrambek-besbaev-sin-aladauly/