Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азамат Сатыбалды: Өзге елдің қаңсығын бізге әкелудің түкке қажеті жоқ

Опубликовано:

Азамат Сатыбалды
Фото: Instagram/azamatc

Отандық танымал актер Азамат Сатыбалды отбасы туралы жаңа заңға қарсы шықты. Кино және театр жұлдызы өнердегі әріптестерінен қалыспай, бұл мәселеге қатысты не ойлайтынын желіде жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды да бірқатар шоу-бизнес өкілдері секілді отбасыдағы зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заңға өз наразылығын білдірді. Белгілі актер бала тәрбиесін заң емес, отбасының өзі шешу керек деп есептейді.

"Отбасы жеке мемлекет. Әрбір отбасының атадан балаға қалған жазылмаған заңы болады. Ол заңды өзгертуге ешкімнің құқы жоқ, өздерінен басқа. Отбасында тоғыз баламыз. Әкеміз әрқайсымыздың болмыс бітімімізге қарай әр түрлі тәрбиеледі. Ризамын. Одан біз жаман болған жоқпыз. Әке мен баланың арасындағы қарым қатынас та әр түрлі.
Әке шешеміз бәрімізді жақсы көрді, бірақ тоғызымызға тоғыз түрлі тәрбие берді. Тәрбиенің формуласы жоқ. Ол құбылмалы. Оны отбасы өзі шешу керек. Бала тәрбиесі шешімі жоқ ғылым деп Мағжан Жұмабаев бекер айтпаған. Құрдымға кетіп бара жатқан өзге құрлықтағы елдің қаңсығын бізге әкелудің түкке қажеті жоқ. Қайта олар бізден үйренсін. Бұл менің жеке пікірім" , - деп жазды Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін халық арасында қызу талқы,а түскен жаңа заңға қатысты өз қарсылықтарын Алтынай Жорабаева мен Жұлдыз Әбдікәрімова да білдірген болатын.

Оған қоса, аталмыш заң жобасына әнші Мөлдір Әуелбекова да түбегейлі қарсы шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894296-azamat-satybaldy-zge-eldi-kasygyn-bizge-keludi-tkke-kazeti-zok/

pixel