Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көз тимесін": Мадина Сәдуақасова отбасылық демалысы қалай өткенін көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова отбасымен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде ерекше отбасылық суреттерін жариялап, барша жанкүйерлерін тәнті етті. Желі қолданушылары өнер иесінің жолдасымен татуласып, енді бар уақытын жанұясымен бірге өткізіп жүргеніне аса қатты қуануда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында отбасымен өткізген демалысы кезіндегі суреттерімен бөлісіп, оқырмандарын бір қуантып алды. Жұлдызды жанұя өткен демалысын Алматы тауларында өткізген.

Айта кетерлігі, отағасы шаңғыны шеберше тепсе, эстрада жұлдызы мен ұлы спорттың бұл түрін енді ғана меңгере бастаған.

"Бір керемет демалыс болды енді. Қарға аунадық, ойнадық, күлдік , енді жұмысқа кірісу керек, ол жерде де бәрі өзгеріп тұр. Сәл басқашалау, жаңалау қарқын алуда. Оны таудан түскен соң айтып берем, барлықтарыңызды сүйдім, тілектеріңізге, ақыл-кеңестеріңізге рахмет үлкен" , - деп жазды Сәдуақасова.

Желі қолданушылары қайта қосылған отбасыға тәнті болып, оларға өздерінің жылы лебіздерін жарыса білдірді.

"Керемет көрініс. Мадина отбасыңыз енді толық құрамда екен. Көз тимесін" , "Сіздер үшін шынайы қуанып тұрмын. Жұптарыңыз ажырамасын" , "Осындай бақыт пен шаттыққа толы жанұялық демалыстарыңыз көп болсын" , "Отбасыңмен өткізген демалысқа ештеңе жетпейді" , "Жақсы күндерің көп болсын. Аман болыңдар" , "Бұл отбасыны ерекше құрметтеймін. Тіл-көзден аулақ болсын. Осылай бақытты күндер кеше беріңіздер. Бұйыртса болашақта сәбилі болуды нәсіп етсін" , - деп жазуда желідегі оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894703-kz-timesin-madina-sduakasova-otbasylyk-demalysy-kalaj-tkenin-krsetti-foto-video/

pixel