Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мачо": Арман Қоңырбаевтың ашық фотосы желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Арман Қоңырбаев
Фото: Instagram/armankonyr

Белгілі тележүргізуші Аша Матайдың жолдасы Арман Қоңырбаев желіде қызу талқыға қалды. "Mysterions" тобының мүшесі өзінің ашық фотосын жариялаймын деп елден оңбай сөз естіді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арман Қоңырбаевтың Instagram парақшасында бөліскен соңғы суреттерінің бірі желідегілер арасында қатты талқыланды.

Фотода өнер иесінің жартылай жалаңаш күйде отырғанын көруге болады. Шоу-бизнес өкілі үстіне киім кимей, аяқ жағын көрпемен орап қойған.

Сонымен қатар, ол аталмыш суреттің астына терең ойға толы жазба қалдырып кеткен. Желі қолданушылар арасында әншінің жазбасымен қатар, фотосына да тәнті болғандар бар. Әсіресе, арулар қауымы эстрада жұлдызының дене сымбатын қызу талқылап тастады.

Алайда, Арман Қоңырбаевтың мұндай образда отырғаны барлығына бірдей ұнай қоймаған. Кейбір желі оқырмандары әртісті бұл қылығы үшін сынға ұшыратқан.

"Өмірден алынған мәні мағынасы, зор туынды екен", "Барлығы дұрыс жазылған ғой. Бірақ, фото бір түрлі екен" , "Осы сөздерді төсін көрсетіп жазу керек пе?" , "Арман мачо" , "Аша ханым қайда" , "Недеген дене" , "Фото жазбамен сәйкес келмейтін секілді" , "Қыздар қойып, енді ұлдар төстерін аша бастаған. Нұрболат Абдуллиннің сығары болдыңыз ғой" , "Сымбатты жігіт" , - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894877-maco-arman-koyyrbaevty-asyk-fotosy-zelide-kyzu-talkyga-tsti/

pixel