Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған жараспайды": Жазира Байырбекова ерекше шаш үлгісін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова жаңа шаш үлгісін көрсетіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Алайда, өнер иесі халық талқыламай тұрып, бірден бұл образдың өзіне келіспейтінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова Instagram желісінде ерекше образын паш етіп, елдің қызу талқысына қалды. Әншінің жанкүйерлері оны бұған дейін мұндай кейіпте көрмегендіктен оның енгізген өзгерісіне қатты таңғалған.

Әдетте түрлі әсем шаш үлгілерін жасап жүретін өнер иесі бұл жолы өзіне ұсақ бұйра шаш қалай жарасатынын анықтамақ болған көрінеді. Алайда, бұл образ халықтың ғана емес, Байырбекованың өзінің көңілінен де шықпаған болып шықты.

Эстрада жұлдызы жеке парақшасында бірден аталмыш шаш үлгісі өзіне ұнамағанын жазды.

"Ия, мына шаш маған жараспайды.Білем. Бұл менің обазым емес.Менің образым ұлттық құндылықтарымызға жақын екен. Жаңа дүкенді ашқанда осыған тағы да көзім жетті. Мен ашқан дүкеннен көбі жабық киімдер,шапандар,ұзын көйлектер сұрайды екен" , - деп жазды Байырбекова.

Кейбір желі қолданушылары бұл образдағы Жазира Байырбекованы өнердегі сіңлісі Кәмшат Жолдыбаеваға қатты ұқсатуда.

"Кәмшат Жолдыбаева секілдісіз" , "Жараспайды екен" , "Өзіңіз де түсінгеніңіз жөн болған. Сізге қазақи образдар жарасымдырақ келеді" , "Айдана Меденоваға да ұқсап қалған сияқты" , "Қызық, бір түрлі көрінеді екен" , "Сізді басында танымай қалдым. Кәмшат па деп қалдым" , - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1894912-magan-zaraspajdy-zazira-bajyrbekova-erekse-sas-lgisin-krsetti-foto/

pixel