Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енесімен жанжалдасқан Say Mo ақыры күйеуімен ажырасып кетті (фото)

Опубликовано:

Мөлдір
Фото: say_mo__

Say Mo лақап атымен танымал қазақстандық рэп орындаушы Мөлдір Есембек Шәріп Серікпен ресми түрде ажырасты. Бойжеткен желі парақшасында жазылушыларына ажырасу туралы куәлікті көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Say Mo бұл құжатты өзінің Instagram парақшасында жариялап, "тегімді қайтару ғана қалды" деген жазба қалдырған.

Желі қолданушыларының бірі әншіден не себепті кезінде күйеуінің фамилиясын алуды ұйғарғанын сұраған.

Куәлік
Фото: say_mo__

"Шамасы, ол бұл адамды қатты жақсы көріп, оған сенген болармын. Әрине, оны және оның отбасын риза ету үшін", - деп жауап берді Мөлдір.

Сонымен қатар, ол Stories-те ажырасудың себебін аңдататын жазбамен де бөлісті.

Жазба
Фото: say_mo__

Еске салсақ, бұған дейін Say Mo енесінің "тыныштық бермей жүргенін" айтып, ажырасқалы жатқанын көпшілікке мәлімдеген еді. Say Mo "енесі олардың қарым-қатынасына көп араласа беретінін" жеткізген болатын.

"Ортамда мұндай адамның болғанын қаламаймын. Ол болса оңайшылықпен қоятын адам емес. Сол себепті, Шәріп екеуміз бір-бірімізді қалай қатты жақсы көрсек те, менің ажырасуға шағым тастастауыма тура келетін сияқты. Өйткені, мұндай адам барда біз ұзаққа бармаймыз. Өкінішті", - деген еді ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Мөлдір Есембек Stories-те бұл тақырыпқа байланысты бар жан сырын ақтарып, ажырасу жайлы шешімге не себеп болғанын ашып айтқан болатын. Кейіннен ол желі парақшасындағы енесі туралы жазбаларын жойып тастайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895076-enesimen-zanzaldaskan-say-mo-akyry-kjeuimen-azyrasyp-ketti-foto/

pixel