Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал ресейлік әзілкештің денесі табылды: Полиция өлім себебін анықтауда

Опубликовано:

Фото
Фото: shalyap_in/Instagram

Стендап-әзілкеш, актер Александр Шаляпин Мәскеуде 42 жасында қайтыс болды. Қаралы хабарды актердің директоры жеткізді деп жазады РИА Новости.

Актердің директорының сөзінше, әйелі оның өлімін растаған. Алайда өлімнің себебі хабарланған жоқ.

Александр Шаляпиннің денесі Хорошевский тасжолындағы үйден табылған.

Өзіне қол салды деген алдын ала болжам жасалып отыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

Айта кетейік, Александр Шаляпин Stand Up Show қатысушысы ретінде танымал, сонымен қатар "Бумер-2", "Глухарь-2", "Женщины против мужчин" фильмдерінде ойнады. "Бессонница", "Временно недоступен", "Крапленый", "Карпов" секілді сериалдарға түскен.

Еске сала кетсек, осыған дейін Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, борттағы барлық адамның көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Қайғылы хабарды футболдан Бразилияның төртінші дивизионында өнер көрсететін клуб өкілдері әлеуметтік желіде растаған.

Әуе апаты Порту-Насьональдағы жеке әуежайдан ұшқаннан кейін көп ұзамай жергілікті уақыт бойынша шамамен таңертеңгі сағат 8-де болған.

Салдарынан клуб президенті Лукас Мейра, футболшылар Лукас Пракседес, Гильерме Ноэ, Рануле және Маркус Молинари, сондай-ақ "командир Вагнер" деген атпен танымал ұшқыштың да көз жұмғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895490-tanymal-resejlik-zilkesti-denesi-tabyldy-policia-lim-sebebin-anyktauda/

pixel