Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cәбит Әбіхалықов Жорабаевадан туған қыздарымен кездесті (фото)

Опубликовано:

Сәбит Әбдіхалықов қызымен
Фото: Instagram/sabit_abdykalykov

Отандық танымал актер Сәбит Әбдіхалықов желіде ұл-қыздарымен түскен суреттерін жариялап, елді тәнті етті. Желідегілер өнер иесінің бірінші некеде туған перзенттерімен арақатынасы дұрысталғанына қатты қуанған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сәбит Әбдіхалықов Instagram парақшасында Алтынай Жорабаевадан туған қыздарымен түскен суреттерімен бөлісіп, қалың көпшілікті таңғалдырды.

Белгілі актер әнші жарымен ажырасып кеткелі перзенттерімен біраз уақытқа байланысты үзіп алған болатын. Оны Жорабаеваның өзі берген сұхбаттарында растады. Эстрада жұлдызы қыздарының әкесімен көріспейтіндерін және оны іздемейтіндерін айтып өкпесін жеткізген еді.

Алайда, бүгінде әкесі мен қыздарының қарым-қатынасы жақсара түскен көрінеді. Оған Әбдіхалықовтың желіде жариялаған фотолары дәлел болмақ.

Желідегілер олардың қайта қауышқанына аса қатты қуанып, өз жылы лебіздерін білдірген. Бірақ, театр және кино жұлдызы балаларымен түскен фотоларға пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп тастаған.

Айта кетейік, Cәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаева 2016 жылы ресми түрде ажырасып кеткен болатын. Бүгінде актер Динара Абдуллин есімді актрисаны жар етіп, ұлды болды. Ал, Жорабаева екінші мәрте тұрмысқы шығып, бақытты өмір кешуде.

Әбдіхалықов пен Жорабаеваның ортақ төрт қызы бар. Оған қоса, актердің Айгүл Иманбаевадан туған ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895642-cbit-bihalykov-zorabaevadan-tugan-kyzdarymen-kezdesti-foto/

pixel