Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойлар болып жатыр": Айқын мерекелік кештерге шектеу қоймауын сұрады

Опубликовано:

Айқын Төлепберген дәрігерлермен
Фото: Instagram/aikyn

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Айқын Төлепберген той-томалақтарға тыйым салуға қатысты өз пікірін айтты. Өнер иесі мерекелік кештерге шектеу қоймауын сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген мерекелік кештерге тыйым салуға түбегейлі қарсы екенін жасырмады. Өнер иесі думанды тойларды белгілі бір заңдылық бойынша ұйымдастыруды ұсынды.

Оның айтуынша, карантин режиміне қарамастан халық өз қуаныштарын жасырын түрде тойлатып жатыр.

"Той-томалақтарды тоқтатқаннан гөрі, ақырындап шектеумен, ақырындап бір жақсы заңдылықпен жасау жағын қарастыру керек деп ойлаймын. Себебі, бәрібір қазір тойлар болып жатыр" , - деді әнші "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгінгі күні елімізде коронавирус пандемиясының орын алуына байланысты адам көп жиналатын той-томалақтардың ұйымдастырылуына шектеу қойылған.

Айта кетейік, өткен тәулікте 1266 қазақстандықтан коронавирус анықталды. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Ақмола облысында тіркелген.

Сонымен қатар, Қазақстанда қауіпті індет құрбандарының саны күрт көбейіп кетті. Бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясынан 15 адам қайтыс болды.

Қазіргі таңда 27 134 адам короновирустан (15 467 КВИ+ және 11 667 КВИ-) емделуде. Соның ішінде 6 576 пациент стационарда, 20 558 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895664-tojlar-bolyp-zatyr-nsi-ajkyn-merekelik-kesterge-sekteu-kojmauyn-srady/

pixel