Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алаңдауға негіз жоқ": Әлішер Кәрімов отадан кейінгі шулы видеосына жауап берді

Опубликовано:

Әлішер Кәрімов отадан кейін
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы Әлішер Кәрімов желіде тарап, ел арасында қызу талқыланып жатқан видеосына қатысты жауап берді. Ол ғаламторда шу тудырған бейнежазбада шынымен өзі екенін растап, не үшін отаға жүгінгенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлішер Кәрімов өзінің қатысуымен түсірілген видеоның ғаламтор кеңістігінде тарап кетуіне байланысты оған пікір білдіруді жөн көрген. Өнер иесі Instagram желісінде жанкүйерлеріне арнайы видеоүндеу жолдап, мән-жайды түсіндірді.

Әнші жан сырын ақтарып, өзін жасырын түрде камераға түсіріп алғандарға ренішін жеткізді. Сөзінің соңында ол бетіне лаззерлік процедура жасағанын мойындады.

"Әр адамның өзінің жеке кеңістігі бар. Алайда, олай санамайтын адамдар да бар екен. Оған желіде кешеден бері тарап жатқан видео дәлел болса керек. Белгісіз біреулер мені Санкт-Петурбургте жасырын камерамен түсіріп алыпты. Расымен, мен Санкт-Петербург қаласына бардым. Бетіме лазерлік процедура жасаттым. Одан кейін бет ісіп кететіні бар. Сол себепті, мен оны қаттылап орап тастадым. Алайда, алаңдауға еш негіз жоқ. Мен сол бұрынгы Әлішер Кәрімовпын. Оған бірер күннен соң көздеріңіз анық жетеді. Бірнеше күннен кейін мен бетімдегінің барлығын шешемін. Сіздерге бар жақсылықты тіледім. Сау болыңыздар" , - деді Әлішер Кәрімов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әлішер Кәрімовтың пластикалық отадан кейінгі видеосы тарап, ел арасында қызу талқыға қалған еді. Көпшілік әртісті танымай қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895886-liser-krimov/

pixel