Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

90 жастағы актер Иван Красконың алтыншы баласы өмірге келді

Опубликовано:

Иван Краско
Иван Краско. Фото: goodhouse.ru

Жақында ғана 90 жасқа толған ресейлік актер Иван Красконың алтыншы баласы өмірге келді хабарлайды Lenta.ru.

Басылымның жазуынша, танымал актердің алтыншы баласы өмірге келгені туралы ақпарат Первый каналдағы "На самом деле" бағдарламасында белгілі болған.

Краско бағдарлама эфирінде қызды болғанын айтқан. Нәресте 2020 жылдың 4 желтоқсанында дүниеге келген.

"Егер махаббат болса баланың өмірге келуіне ешнәресе кедергі бола алмайды", - дейді актер.

Бағдарлама барысында баланың анасы халық әртісінің жас сүйіктісі Юлия Кичемасова екені айтылған. Сонымен бірге келіншектің жасанды жолмен бала көтергені белгілі болды.

Енді олар ресми түрде некеге тұрмақ. Ғашықтар бірнеше жыл бұрын, Иван Краско 30 жастағы Наталья Шевельмен бір шаңырақ астында тұрып жатқан сәтте-ақ кездесе бастаған екен.

Иван Краско Кичемасовамен некеге тұрғаннан кейін ол актердің бесінші әйелі саналады.

Айта кетсек, бұған дейін 90 жастағы Иван Красконың коронавирус инфекциясын жұқтырып алған хабарланған.

Оған ауруханаға жатуға кеңес берілген. Алайда актер өкпесінің 45 пайызы зақымданғанына қарамастан, медициналық мекемеге жатудан бас тартқан.

Еске сала кетсек, отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім жақында ғана алғаш рет әке атанған болатын. Жұлдыздың жары оған ұл бала тауып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895890-90-zastagy-akter-ivan-kraskony-altynsy-balasy-mirge-keldi/

pixel