Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев мұз үстінде ерекше фотосессия жасады

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фото: Instagram/fariza_toreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің қарындасы жолдасымен бірге Қапшағайда ерекше фотосессияға түсті. Мұз үстінде жатқан ерлі-зайыптылардың суреті қалың көпшілікті тәнті етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев елден қалыспай, соңғы кезде барша қазақстандықтар ағылып жатқан Қапшағайға барды.

Жас жұбайлар өздерінің отбасылық досы, танымал фотограф Өсер Кәзіханмен мұзды өлкеде ерекше фотосессия жасап қайтқан. Олар табиғат аясындағы түсірілімінің нәтижелерімен Instagram парақшаларында бөліскен.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың Қапшағайдағы махаббатқа толы фотоларына тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін жарыса білдірді.

Дархан мен Фаризаның мұз үстінде жатқан суреті санаулы сағаттарда 70 мыңнан астам лүпіл мен екі мыңнан астам пікір жинап үлгерген.

"Өте әдемі, бақытты болыңыздар" , "Сондай керемет, жұптарыңыз жазылмасын. Осындай ерекше фотолармен қуанта беріңіздер" , "Айтарға сөз жоқ. Өте әдемі жер екен" , "Сүйкімді жұп. Қандай тамаша табиғат" , "Не болса да бәрін бірге жасайсыздар. Қатты сыйлаймын сіздерді" , "Өсер жарайсың, керемет локацияда өте әдемі суреттер жасапсың" , "Бір фильмдегідей түсіпсіздер" , "Фантазия жоғары деңгейде" , - деп жазуда желдегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1895934-fariza-treli-men-darhan-nortaev-mz-stinde-erekse-fotosessia-zasady/

pixel