Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бос жатқан жерге еге болайық": Балғынбек Имаш қазақстандықтарға үндеу тастады

Опубликовано:

Балғынбек Имаш
Фото: Instagram/balgynbek_official

Отандық танымал айтыскер Бағынбек Имаш көші-қон мәселесін көтеріп, барша қазақстандықтарға үндеу тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балғынбек Имаш бүгінде қоғам арасында қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты ойын ашық айтып, қалың көпшілікке өз кеңесін берді.

Ақын Instagram парақшасында аталмыш тақырыпқа қатысты видеоүндеу түсіріп, арнайы жазба қалдырған. Онда ол отандастарын бос жатқан кең байтақ жерге еге болуға шақырды.

"Көші-қон мәселесі. Кім шынымен мемлекетшіл? Кім думанды шетелде қыдыруды емес, туған мекенге туды ілуді қалайды? Мен бар қазаққа үндеу тастаймын! Карантинде қамалып, смартфонға қадалып бос жатқанша, бос жатқан жерге еге болайық. Теңіз жағасындағы Анталияға емес, Теріскейдегі Қызылжарға, Босфордағы Стамбулға емес, Тобылдағы Қостанайға, Кипрге емес, Керекуге көшейік. Кім қолдайды? Көше алмасаңыз да, үндеуді таратыңыз! Пікір жазып, көп адамның көруіне үлес қосыңыз" , - деп жазды Бағынбек Имаш.

Желі қолданушылары айтыскер ақынның бастамасына қатысты екі түрлі пікір білдірді. Кейбірі оны толықтай қолдап, шалғай аудандарға көшуге дайын екенін айтты. Ал тағы өзге оқырмандар бұл үндеуге қосылмайтындарын жеткізді. Олар қаладағы жұмысы мен үйін тастап, ауылда тұруға қарсы болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1896261-bos-zatkan-zerge-ege-bolajyk-balgynbek-imas-kazakstandyktarga-ndeu-tastady/

pixel