Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова: Жолдасым 23 жасында маған сырттай ғашық болып жүрген

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова жолдасымен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Мадина Сәдуақасованың жолдасы, танымал режиссер Олжас Смагулов 35 жасқа толды. Өнер иесі күйеуін жаңа жасымен ерекше құттықтап, оған желіде аса әсерлі жазба арнады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақ эстрадасының жұлдызы отағасын туған күнімен құттықтап, Instagram парақшасында оған жүрекжарды тілегін жолдаған. Сәдуақасова жолдасына махаббатқа толы жазба арнап, екеуінің қарым-қатынасына қатысты тың мәліметтермен бөлісті.

Оның айтуынша, әншінің күйеуі оған 23 жасында сырттай ғашық болып, оған айта алмай жүрген. Алайда, кейін араға төрт жыл салып, ол дегеніне жеткен.

"Арманына қол жеткізген жігіт Олжас Смагулов. Мадина Сәдуақасоваға “ тайно “ ғашық болып жүргенде жасы 23 - те болған. Сыртынан қарап жүрген, бақылап, күткен. Бір сөйлесіп қалғанда “кез келген проблемаңыз болса күн- түнге қарамай хабарласа берсеңіз болады ” деген. Мадина Сәдуақасова өзі 1-2 рет тіпті қоңырау шалады. Солай 4 жыл жүріп, дегеніне жетеді.
Өмірімді түбегейлі өзгерткен, бақытты еткен жолдасымның Әнуардың әкесінің туған күні бүгін ! 35 жас! Қазіргі таңда беделі асқан, кәсіби маман, ортасында сыйлы, абыройлы жігіт , КТК арнасының режиссеры ! Денің сау болсын, ең бастысы! Қалғанына сен қол жеткізетініңе еш күмән жоқ. Ал біз үнемі жаныңдамыз. Сүйдім , туған күніңмен тағыда" , - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Желі қолданушылары өнер иесінің құттықтауына ортақтасып, туған күн иесіне өз ақ тілектерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1896749-madina-sduakasova-zoldasym-23-zasynda-magan-syrttaj-gasyk-bolyp-zrgen/