Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енем мені ұнатпады": Марат Омаровтың бірінші әйелі ажырасуының себебін айтты

Опубликовано:

Шаттық Назарова
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал сазгер әрі әнші Марат Омаровтың бірінші әйелі әртіспен ажырасуына шын мәнінде не себеп болғанын айтты. Шаттық Назарованың сөзінше, жолдасы екеуінің айырылысып кетуіне енесінің септігі тиген. Өнер иесінің анасы келінін ұнатпаған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шаттық Назарова енесінің көңілінен шығуға тырысқанымен, ол кісі ұлына өзге қызды алып бергісі келген екен. Нәтижесінде ерлі-зайыптылар ажырасып тынды.

Алайда, Омаровтың анасы араға жылдар тастап, өз шешімінің қате болғанын түсінген. Марқұм о дүниеге өткенше бірінші келінінен кешірім сұрап кеткен. Шаттық Назарова өміріндегі ауыр кезеңді есіне алып, өз жан сырын "Ең алғашқы" бағдарламасына берген сұхбаты барысында ақтарған.

"Біздің ажырасуымызға не себеп болғанын білмеймін. Бірақ, анасының үлкен себебі болды. Мен Мараттың анасына ұнамадым ба әлде мінезіміз сәйкес келмеді ме?! Әйтеуір ол кісіге жағу үшін қанша тырыссам да ұнамадым. Бетіне келіп бір сөйлеген емеспін. Бірақ, Шымкенттің қызын алып бергісі келді ғой баласына. Ол кісі биыл қайтыс болды. Бірақ, өлер алдында соңғы төрт-бес жылда біз хабарда болдық, көрісіп тұрдық. Өз өкінішін о дүниеге өткенше айтып кетті.
Менен кешірім сұрады. "Айналайын Шаттық кешір мені, мен қателестім. Өзіңнен асқан келін жоқ екен" деп айтты. Біз ажырасып кетсек те мен балаларды әкесінен ажыратқан жоқпын. Керісінше, мәжбүрлеп отырып жіберетінмін. Себебі, мен өзім біреудің жалғыз қызымын. Төркінім де адам аз. Сол үшін балаларымның туыстарымен араласып тұрғанын қаладым. Балаларым бәрібір әкесін сағынып өсті. Әкеге деген қызғаныш, құмарлық, махаббат ешқашан өшпейтін сияқты. Мың құлап, мың сүрініп бүгінгі күнге де жеттік" , - деді Шаттық Назарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1896880-enem-meni-natpady-marat-omarovty-birinsi-jeli-azyrasuyny-sebebin-ajtty/

pixel