Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені жақтырмады": Әзілкеш Арман Жаналиев Жахан туралы шындықты айтты

Опубликовано:

Арман Жаналиев
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әзілкеш Арман Жаналиев өнердегі әріптесі Жахан Отарғалиевпен арада болған келеңсіз жағдайды еске алды. КВН жұлдыздары бастапқыда тіл табыса алмаған болып шықты. Оған кімнің септігі көбірек тигенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Арман Жаналиев бұрын-соңды ешкімге айтпаған сырын "Jaydary әңгіме" бағдарламасында ақтарған. Ол Жахан Отарғалиевпен алғашында бірге жұмыс істеу қиын болғанын жасырмады.

Жаналиевтің сөзінше, әзіл әлеміне енді қадам басқан кезде жұлдыз болған Отарғалиев оны менсінбей қойған. Ол тіпті жас әзілкешпен бірге өнер көрсетуден бас тартқан жағдайлар да орын алған.

"Басында Жахан жақтырмады мені. "Жап-жас баламен шықпаймын" деді. Барлығы "J-club" жобасынан басталды. Ол жерге бару барлық әзілкештердің арманы еді. Менің де қатты барғым келіп жүрді. Себебі, ол кезде танымал болу, той жүргізу, оқырман жинау үшін емес, сол істі жақсы көргендіктен баратынбыз. Сосын ақыры, армандаған жобама кірдім. Тараздық бауырларым да шығады. Ал мен Жаханмен шығу керек боламын. Бірақ, басында Жахан жақтырмады ғой мені.
"Бұл жап-жас бала мен бұнымен шықпаймын" деді. Ол кезде ол "J-Club" жұлдызы ғой. Сосын мен тараздық жігіттермен шығатын болдым. Екіншісінде Жахан Есен ағаға барып, "мен Арманимен шығамын" деді. Сосын дуэт болдық қой. Ал кейінгі жарыста біздің команда Жахандарды ұтып кетті. Чемпиондардың чемпионы болғанымызда жылап жібере жаздадым. Біз ұтамыз деп ойламаған едік. Бірақ, жеңіс бізге бұйырды. Сол үшін ешкімді менсінбеуге болмайды екен" , - деп аңынан жарылды Жаналиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897090-meni-zaktyrmady-zilkes-arman-zanaliev-zahan-turaly-syndykty-ajtty/

pixel