Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Назарбаевтың алғашқы махаббаты": Көркінен көз сүрінер Дарья Александрова туралы не білеміз

Опубликовано:

Дарья
Фото: dariya_aleksandrova

Дарья Александрова көпшілік арасында актриса, әнші, спортшы, іскер әйел және көрікті ару ретінде танымал. Өзіне қатысты түрлі сыбыстарға нүкте қойған Дарья Instagram парақшасында мансабы мен жеке өмірі туралы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Дарья Александрова 1993 жылы 23 ақпанда Ресейдің Алтай аймағындағы Бийск қаласында дүниеге келген. Отбасы кейін Ресейден Қырғызстанға қоныс аударады. Ата-анасы ажырасқан.

Айтуынша, мектеп жасында сыныптастарының шабуылдарынан қорғанумен болған. Себебі, кей кездері ұлттық негізде қақтығыстар туындап отырған.

Дарья жеті жыл бойы Қырғызстанның Балықшы қаласындағы мектепте білім алған, кейін түрік лицейіне оқуға түскен. Ол мектепті жақсы оқығанын, үздік оқушылар қатарында болғанын айтады.

Содан кейін актриса мектеп сахналарында өнер көрсетіп, ән айта бастайды. 2010 жылы лицейдегі оқуын тәмамдаған Дарья Алматыға көшіп келіп, Ресей университетінің филиалына оқуға түседі.

Сол жылы Александрова ақша тауып, пәтер жалдау алу үшін бармен болып жұмысқа тұрады.

"Шынымды айтсам, көбі маған күле қарайтын. Мен үшін алкогольдің есімдерін есте сақтау өте қиын болды. Келуші ішімдікті бірге ішуді қаласа, оған қалай сыпайы түрде жоқ деген жауап қайтару керектігін түсінбейтінмін. Бұл барға барлығы келетін: жұлдыздар, сән қуған қыздар. Мен оларға қарап, қалай киіну керектігін, қалай сөйлесу керектігін мұқият зерттейтінмін. Күнде университетке асығып, жұмыстан шаршаған күйі оқу орнына келетінмін. Шаршаңқы түрімді көргендер түрлі сыбыс таратып, тіпті жеңіл жүрісті әйел деп санайтын", - деп есіне алды ол.

Кейінірек Дарья жұмысынан жалыға бастайды. Сөйтіп өзін модель ретінде сынап көруге шешім қабылдап, фотоларын сән агенттігіне жібереді. Көп ұзамай, Дарьяға ұсыныс түсіп, "Хабар" телеарнасында көрсетілетін телехикаяда басты рөлді сомдау бұйырады.

2011 жылы ол "Жаным-2" телехикаясына түсіп жүрген кезінде қазақстандық "Жұлдыздар фабрикасының" кастингісінен өтеді. Алайда оған қатысудан бас тартып, кинодағы мансабын жалғастыруды ұйғарады.

Алғашқы неке және "Елбасы жолы" фильміне түсуі

Бармен ретінде жұмысын жалғастыра жүріп, Дарья бардың бірінде Денис Литуев есімді азаматпен танысып, көңіл жарастырады. Осы уақытта Александрованың мансабы да жоғарылай бастайды. Оған "Путь лидера" ("Елбасы жолы") фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы махаббатының рөлін сомдау ұсынылады.

Бұл рөлді алғашында Кристина Асмус сомдауы керек еді. Алайда, белгілі бір себептермен оның бұл киноға түсе алмайтыны белгілі болады. Сол себепті режиссер Дарьяны шақыру туралы шешім қабылдайды.

Кристинаның барлық костюмдері шұғыл түрде Дарьяның өлшемдеріне сәйкес қайта тігіледі. Оған тек аяғының өлшемі өзінікінен екі есе кіші Асмустың аяқ киімін киюге тура келеді.

Салдарынан актрисаға бірнеше күннен кейін оң аяғына ота жасатуға тура келген екен.

2012 жылы Дарья алғаш рет қызыл кілемге шықты. Ол тек актриса және әнші мансабымен шектеліп қана қоймай, әлеуметтік желідегі парақшасында арықтауға арналған онлайн-марафондар өткізіп, желілік маркетингпен айналыса бастайды.

Бүгінде Александрованың өз кәсібі бар.

Ажырасу және жаңа бақыт

2016 жылы актриса Денис Литуевке тұрмысқа шығып, бір жылдан кейін олардың Мия атты қызы дүниеге келеді. Алайда, ерлі-зайыптылар 2018 жылы ажырасып кетеді. Ажырасу Дарья үшін қиынға соққан.

Алайда кейін актриса қайтадан өзінің өмірлік серігін жолықтырады. Осы жылы Александрова әлеуметтік желі арқылы танысқан ғашығы Сергей Пасюковқа тұрмысқа шығады. Ер адам онымен бірге теннис кортына барып жүрген.

Сергей Дарьяның бірінші некесіндегі қызымен оңай тіл табыса алған. Жақында Дарья екінші рет ана атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897518-nazarbaevtyn-algasqy-maxabbaty-korkinen-koz-suriner-darya-aleksandrova-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel