RU

"Жабық болып бардым": Мақпал Исабекова психолог маманына жүгінгенін растады

Мақпал Исабекова
Фото: Instagram/makosyai

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мақпал Исабекова өмірінің ауыр кезеңінде психолог маманына жүгінуге мәжбүр болғанын айтты. Эстрада өкілі жан сырын біреуге ақтарып, туындаған мәселенің шешу жолдарын іздеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова өмірінде психологтың көмегіне тек бір рет жүгінгенін айтты. Сол алғашқы кездесуден-ақ әнші өзінен нәтиже шықпайтынын түсінген. Өнер иесі маманға мүлдем ашылғысы келмей, дайын емес болып барған.

"Мен қазір психологтарға бармаймын. Мен өзім сол мамандықты меңгеріп шығамын деп шештім. Бірақ, психологқа өмірімде бір рет қана жүгінгенмін. Бірінші кездесуде-ақ мен өзімнің әлі дайын емес екенімді түсіндім. Мен ол кісіге 20-30 мәрте баруыма болар еді. Бірақ, нәтиже шықпайтын еді. Себебі, мен оған жабық болып бардым. Ашылғым келмеді. Сосын мен бұл терапияны өзіме өзім істей алатынымды түсіндім. Алайда, ол психолог маманға деген ешқандай айтар сыным жоқ.
Мәселе менде болды. Оған бару себебім, сол кездегі жағдайым соны талап етті. Өзімде күш болмаған соң, біреу мені бөлшектеп жинап берсе деген ой болды. Бүгін мен өзім сол мамандықты оқып жатырмын. Алайда, оқу мұнымен шектеліп қалмайды.Егер мен өзгелерге көмектескім келетін болса, оқуымды ары қарай жалғастырып, білімімді одан бетер шыңдауым керек" , - деп ағынан жарылды Мақпал Исабекова "Честно говоря" бағдарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Исабекова әкесімен қарым-қатынасына қатысты бар шындықты айтып, оған деген ренішімен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897533-zabyq-bolyp-bardym-maqpal-isabekova-psixolog-mamanyna-zugingenin-rastady/