Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасымен вальс билеген Тәуекел Мүсілім елді тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім анасымен вальс билеуде
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім әлеуметтік желіде анасымен вальс билеген сәтінен видео жариялап, елдың ыстық ықыласына ие болды. Желідегілер анасы мен баласының ерекше қарым-қатынасына тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім анасымен бірге түскен бейнежазбасымен Instagram парақшасында бөліскен. Өнер иесі өміріндегі аса ерекше сәттерінің бірін оқырмандарының назарына ұсынуды жөн көрген.

Видеода актер бастапқыда жары Махаббатпен вальс билеп жүріп, кейін артынан анасын биге шақырады. Белгілі болғандай, шоу-бизнес жұлдызы анасының құрметіне әншілерге өлең айтқызған.

Желідегілер аталмыш бейнежазбаға тәнті болып, Тәуекел Мүсілімнің парақшасында толассыз пікірлер қалдыруда. Қалың көпшілік анасы мен баласының биіне сүйсіне қарап, өз жылы лебіздерін білдірген.

"Тәуекел нағыз ер азамат. Анасына деген құрметі ерекше" , "Отбасың аман болсын. Жақындарың әрдайым қасыңда болсын" , "Недеген керемет көрініс. Ата-ананың қадірін бар болғанда білу керек деген осы шығар. Жарайсың" , "Көз тимесін керемет отбасы" , "Анаңыз жүз жасасын. Сіздердің жанұяларыңызға тәнтіміз" , "Ұзағынан сүйіндірсін. Анаңа қызықтарыңды көрсетіп жүре бер" , "Анасына деген сыйластығы ерекше, Тәуекел мақтауға лайық жігітсің" , "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" , "Анаңыздың денсаулығы мықты болсын" , - деп жазды халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897549-anasymen-vals-bilegen-tauekel-musilim-eldi-tanti-etti-video/

pixel