Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова жолдасының тоқал алуына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова жолдасының тоқал алуына қатысты қандай ойда екенін ашық айтты. Өнер иесі бұл мәселе жөнінде күйеуі өзіне не деп айтқанын да жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова өз жанкүйерлеріне барынша жақын болуға тырысып, желіде оларды қызықтырған сұрақтаға жауап берді. Әнші Instagram желісінде сауалнама жасап, өзіне қатысты бірқатар тың мәліметтерді жария етті.

Өнер иесі бет күтімінен бастап, отбасылық өмірі қалай өтіп жатқаны жайлы айтып берді.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы соңғы уақытта қоғамда қызу талқыға түскен тоқал алу мәселесі туралы ойын ақтарды. Ол жолдасының екінші әйел алуына қатысты қандай пікірде екенін жеткізді. Әнші бұл тұрғыда күйеуінің өзіне айтқан сөздерін де ел назарына ұсынды.

"Маған "ешқандай тоқал да, қыз да, басқа әйел де болмайды" деген. Сізге не деп жауап берерімді білмей тұрмын" , - деп жазды Сәдуақасова.

Өнер иесі коронавирусқа қарсы вакцинацияға қатысты сауалға да нақты жауап бере алмады. Ол екпе салдыру мәселесі жайлы әзірге шешім қабылдамағанын айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасова жолдасын 35 жасқа толуымен ерекше құттықтап, оған әсерлі жазба арнаған болатын. Әнші күйеуі екеуінің қарым-қатынасына қатысты тың мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша, сүйіктісі оған 23 жасында сырттай ғашық болып, оған айта алмай жүрген. Алайда, кейін араға төрт жыл салып, ол дегеніне жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1897778-madina-saduaqasova-zoldasynyn-toqal-aluyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel