Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұятқа қалдым": Рамазан Стамғазиев жарымен некелескен сәтін есіне алды (видео)

Опубликовано:

Рамазан Стамғазиев
Фото: Видеодан кадр

Қазақстандық танымал әнші Рамазан Стамғазиев сүйіктісі екеуінің некелесуі кезінде орын алған қызықты жағдай туралы айтып берді. Өнер иесі жарына мешіт қабырғасында уәде еткен сыйлықтың орнына басқа нәрсе тарту еткен болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Рамазан Стамғазиев пен оның келіншегі заңды түрде үйленіп, балалы болғаннан кейін бір-ақ мешітте некелерін қидырған. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптыларды бұл қадамға қыздары итермелеген.

Бірнеше жыл бойы отасқан жұбайлар перзентінің қалауын орындап, ертесіне мешітке аттанған. Некелесу кезінде әншінің жары одан сыйлық ретінде көлік сұрапты. Алайда, өнер иесі бұл жағдайдан сәтті шығып кеткен екен.

Рамазан Стамғазиев әйелі нақты қандай көлік екенін айтпағандықтан оған ойыншық көлікті тарту еткен. Бұл туралы әртіс "Еуразия бірінші" арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтып берді.

"Біз Ұлту екеуміз мешітке барып, молдалардың алдында некемізді қидырған жоқпыз. Біз үйленгеннен кейін АХАЖ бөлісіне барып, неке қию туралы куәлігімізді алдық. Студент кезіміз еді. Ортада көптеген уақыт өтті. Айналып келгенде балаларымыз аяққа тұрды. Бір күні қызымыз келіп, "неге мешітте құдай алдында некелеріңізді қидырмайсыздар" деді. "Құдай алдында қол ұстасып, неке суын ішіңіздер. Біз о дүниеге барғанда мүмкін адамдардың рухы кездесер, бірге жүрейк" деп айтты. Бұл сөздері мені кәдімгідей толқытты.
Ертесіне Ұлтуды ертіп, қасыма Ахмет деген досымды алып мешітке бардық. Сол жерде некеге тұрдық. Бәрі біткеннен кейін Ұлтуға "не қалайсың?" деді ғой. Ол маған қарады да, көлік деп айтты. Мен өз кезегімде алып беретінімді айттым. Бір күні ойыншық көлікті сатып алып, Ұлтуға сыйладым. Оған "Ұлту негізі сен нақты қандай көлік екенін айтпадың. Сол себепті саған ойыншық алып келдім" дедім. Бірақ, Алла шүкір Ұлту көліксіз емес. Ол некеге дейін де, некеден кейін де көлікпен жүрді" , - деді Стамғазиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898080-uyatqa-qaldym-ramazan-stamgaziev-zarymen-nekelesken-satin-esine-aldy-video/

pixel