Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұраныс белден төмен тақырыптарға ғана ма": Ерке Есмахан өз наразылығын айтты

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан бүгінгі күні әлеуметтік желілер мен телевизия саласына көңілі мүлдем толмай жүргенін ашық айтты. Өнер иесінің сөзінше, онда қазір тек белден төмен тақырыптар ғана көтерілетін болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан желілер мен телевизияға қатысты өз наразылығын Instagram парақшасы арқылы жеткізген. Эстрада жұлдызы азулы жазба жариялап, көңілі не себепті толмай жүргенін түсіндіріп өтті.

Өнер иесі телевизияда арзан тақырыптар көтерілетін болғанына, ал әлеуметтік желілерде отыратындардың алып-қашпа әңгімелерге жақын болып кеткеніне шүйліккен.

"Қалайсыздар достар? Жақында TV көре қойып едім. Теледидардағы контент анадай боп кетіпті ғой, иә? Сұраныс белден төмен тақырыптарға ғана ма? Таңқалдым! Балалардың пайдалы нәрсені ютубтан тауып қарайтындары қандай жақсы?! Әттең, тек орысша! Ал әлеуметтік желіде тек мінсіз адамдар, біреудің отбасын талқыға салу, ақыл айту. Жақсы болуды әркім өзінен бастаса ғой. Жалпы теледидар қарайсыздар ма, әлде инста жақынырақ па? Сіздердің пікірлеріңіз қандай? Түсінгім келеді" , - деп жазды Ерке Есмахан.

Әншінің бұл тұжырымымен оның желідегі оқырмандары келісіп, оған өз қолдауын білдірген.

"Қазіргі өсек, тек төсек жайлы болдығой. Кімнің кіммен жүргені қызық болдығой қазіргі заманда", "Теледидар қарамаймын әркім өмірі әр қалай тек өзіңіз жақындарымыз үшін өмір сүріп жүрміз. Біреумен шаруам жоқ" , "Сізді толықтай қолдаймын. Айтқаныңызбен келісемін" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898617-suranys-belden-tomen-taqyryptarga-gana-ma-erke-esmaxan-oz-narazylygyn-aitty/

pixel