Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азия" мен "Бақай" тобының әні афроамерикалықтардың арасында хит болуда

Опубликовано:

Шетелдіктер
Скриншот: qazaq.zhyldyzdary

"Азия" мен "Бақай" тобының "Опымай-опымай" атты танымал әні афроамерикалықтардың арасында хит болуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Азия" мен "Бақай" тобының әніне сүйсіне билеп жүрген шетел азаматтарының видеосын Instagram желісіндегі qazaq.zhyldyzdary парақшасы жария еткен. Видеомын бөлісушілер аталмыш ән шетелдіктердің арасында хит болып жатқанын жазуда.

Видеодан үш афроамерикалық азаматтың "Опымай" әніне бірігіп билеп жүргенін байқауға болады. Жігіттердің екеуі көтеріңкі көңіл-күймен билеуге кірісіп жатса, үшінші жігіт әннің бейнебаянына үңіле қарауда.

Ол билеп жүрген досын видеоны бірге тамашалап, клиптегі бидің қимылдарын қайталауға шақыруда. Жігіттердің бірі "Опымай" әнін атақты оңтүстіккореялық әнші Psy-дың Gangnam Style әніне ұқсатқан.

Видео үш жігіттің де бейнебаянды тамашалап, клиптегі бидің қимылдарын қайталап жатқан жерінен үзіледі.

Желі қолданушылары шетелдіктерге өз туындысын мойындатқан "Азия" мен "Бақай" тобының әншілеріне мақтауларын жаудырды.

"Керемет", "Зор", "Жарайсыңдар, осылайша Қазақстанды әлемге әйгілі еткен әншілерге рахмет", "Бізде әлі хит қой бұл музыка", "Мәңгі хит", - деп жазған желі қоданушылары.

Айта кетсек, "Опымай" әні тыңдармандарға жол тартқан күннен бастап небәрі бір айда 10 миллионнан астам қаралым жинап, елімізде ерекше танымалдыққа ие болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1898776-aziya-men-baqai-tobynyn-tanymal-ani-afroamerikalyqtardyn-arasynda-xit-boluda/

pixel