Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова: Жануарларды қинап, терісін сыпырып жасайтын тондарды кимеймін

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова тірі жануарларға зиянын келтірмеу үшін бұдан былай тондарды кимейтінін алға тартты. Өнер иесі бұл шешімі үшін көпшіліктен кешірім сұрап, оларға үндеу жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова жануарлар терісінен жасалатын тондарды киюден түбегейлі бас тартты. Эстрада жұлдызы тіпті болашақта құдаларына да тон тарту етпейтінін ашық айтты.

Жануарлардың қиналғанын көрген әнші оларға жаны ашып, осындай шешімге келген. Ол Instagram желісінде бұл тақырып аясында жазба жариялап, оқырмандарына ой салды.

"Осы жазбам үшін ренжитіндерді де түсінемін. Кешіріңіздерші. Мен енді жануарларды қинап, терісін тірідей сыпырып жасайтын шубаларды сатып алмаймын. Қалай жасайтыннын көрсеткен видеоларын көріп жаным ауырып кетті. Шубаға жарнама да жасамаймын. Болашақта құдаларыма да сатып әпермеймін,сыйлыққа да алмаймын. Алланың жан бітіргендерінің жанын қинауға (тамшыдай болса да) үлес қосқым келмейді. Маған қосылатындарыңыз бар ма? Репост жасап үлес қосам десеңіздер де қарсы емеспін" , - деп жазды Жазира Байырбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова анасының құшағында ұйықтап жатқан фотосын жариялап, желідегілердің жүрегін елжіреткен болатын. Өнер иесі ерекше отбасылық суретімен бөлісіп, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899015-zazira-baiyrbekova-zanuarlardy-qinap-terisin-sypyryp-zasaityn-tondardy-kimeimin/

pixel