Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әркім өз ісімен айналысу керек": Қайрат Әділгерей әртістер қауымын сынға алды

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актер Қайрат Әділгерей өнер адамдарының елде болып жатқан жағдайларға етене араласуына қатысты өз пікірін білдірді. Белгілі әзілкештің айтуынша, әркім өз ісімен айналысу керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Әділгерей елде төтенше жағдай орын алған кезде халықтың әркез өнер адамдарына шүйлігіп шығатынына жұлдыздардың өздері кінәлі екенін алға тартты. Актердің айтуынша, әртістер жұртшылықты жаман үйретіп тастаған.

"Қазір су тасыса да Төреғали мен Қайраттан көретін болған ғой. Халық онымен ТЖМ айналысатынын ұмытып қалған ғой. Елде бір төтенше жағдай бола қалса, барлығы жұлдыздарға тиісе бастайды. "Неге құр бос отырсыңдар, ақшаларың бар ғой" дейді. Негізі біз өзіміз халықты жаман үйретіп тастағанбыз. Себебі, біз әртістер өз ісімізбен айналысып жатқан жоқпыз. "Халқым, осы болып жатқан жағдайға біздің жанымыз ашып, өнер адамдары жиналып жатырмыз" деп өзіміз үйретіп тастаған сияқтымыз. Осы затпен айналысатын ТЖМ, үкімет бар, түрлі құзырлы орган бар.
Сен өнер адамысың, ісіңді сахнада жаса. Одан да барып концертіңді қой. Әншілер қайырымдылықпен айналысты. Ол бір жағынан жақсы әрине, алайда меніңші әркім өз ісімен айналысу керек. Әр түрлі адам әр түрлі қарайды. Біреулер тәнті болса, енді кейбірі әртістерге пияр жетіспей жүр деп сөгеді. Көптеген өнер адамдары мұқтаждарға көмектесіп жатыр. Ертең мен шығып, біреуге миллион теңге бергенімді жария етсем ел тағы сынға алады. "Үндемей бермейді ма" деп сөгеді. Үнсіз қалсам, қайырымдылық жасап жатқан жоқ деп айтады" , - деді Қайрат Әділгерей Qasqa jol Youtube арнасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899596-arkim-oz-isimen-ainalysu-kerek-qairat-adilgerei-artister-qauymyn-synga-aldy/

pixel