"Салу керек болса, саласың": Қайрат Әділгерей вакцина туралы ойын айтты
Опубликовано:

Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерей коронавирусқа қарсы вакцинаға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі екпені қажет болған жағдайда салатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Қайрат Әділгерей күллі әлемге тараған коронавирус инфекциясына қарсы ойлап табылған вакцинаны салдыруға ниетті екенін жасырмады. Бұл туралы актер Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбаты барасында айтты.
"Салу керек десе салдырасың ғой. Мен дінге беріліп кеткендерді түсінбеймін. Олар "бұл халал ма, халал емес пе?" деп сұрап жатады. Адам өлейін деп жатса, халал емес екен деп оны өлтіріп қойып қарап жатасың ба?" , - деді Қайрат Әділгерей.
Сонымен қатар, өнер иесі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты пікір білдірді.
"Мен президентке кеңес бере алмаймын. Тек айтатыным бар. Президент болу деген біріншіден адам болу. Адам болса ешкімге зиян жасамайды. Кез келген адам тәрбиелі болса, одан халыққа зиян жоқ. Оған сенеді. Біздің президент Қасым-Жомарт Тоқаев өте білікті адам ғой. Басқа қолайлы адам жоқ қой. Тіл біледі. БҰҰ басшысының орынбасары болған. Бұл дегеніміз әлемнің екінші адамы ғой. Жер планетасының вице-президенті секілді" , - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Әділгерей әртістер қауымын сынға алып, оларға өз ісімен айналысуға кеңес берді. Оның айтуынша, өнер өкілдері халықты өздері жаман үйретіп алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1899702-salu-kerek-bolsa-salasyn-qairat-adilgerei-vakcina-turaly-oiyn-aitty/