Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойымыз бір жерден шықпады": "All Давай" әншілері неге өзара жанжалдасып жүр

Опубликовано:

Данияр Өзбеков пен Шоқан Маратұлы
Фото: Instagram/zvezdopad_kz

Қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар "All Давай" тобының әншілері бірге өнер көрсетпей кеткенінен бөлек, енді мүлдем тіл табыса алмай жүргенге ұқсайды. Шоқан Маратұлы мен Данияр Өзбеков желіде бір-бірімен келісе алмай қалып, азулы жазбалармен алмасқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоқан Маратұлы бұрын өзімен бір топта ән салған әріптесімен арақатынасы не себепті бұзылғаны туралы бар шындықты айтты. Әншінің сөзінше, олардың ойы бір жерден шықпаған. Сол себепті, өнер иелерінің арасында келіспеушіліктер туындаған.

Бүгінде "Аll Давай" тобында бір өзі қалған Шоқан Маратұлы қасында өнер көрсете алатын әнші жігіттерге кастинг жарияламақ. Ол топ жұмысын қайта жандандырмақ.

"Қазіргі таңда "All Давай" брендінің атынан жаңа альбом шығаруды жоспарлап отырмын. Әзірге өзім өнер көрсетемін. Бірақ, мен жас әрі таланттыларды топ құрамына кіруге шақырамын. Мен еңбек жолымда бірнеше рет кастинг жасаған адаммын. Қазір бәрі басқаша. Кастингке әдетте керек емес адамдар көптеп жиналады. Ал шынайы таланттылар кастинг жайлы естімей қалып жатады немесе баруды жөн көрмейді. Соған орай, әр қатысушымен жеке жұмыс істейтін боламыз. Жаппай кастинг болмайды.
Ал Данияр жайлы айтатын болсам. Біз ұрысқан жоқпыз Тек ойымыз бір жерден шықпады. Айтарлықтай жанжал болған жоқ. Біз есейе түстік. Мұндайға біз ұзақ уақыт бойы келіп жеттік. Әлі адам ретінде қалыптаса қоймаған жас кезде мәселе басқандай болса, есейіп тұлға болғаныңда бәрі басқаша екен. Данияр өзін "All Давай" брендімен әлі де байланыстырса, өзі жаңадан ештеңе ешпаса топ атын желіде қолдана беруіне болады. Оған көзқарасым оң" , - деді Шоқан "Paparazzi" бағдарламасына берген сұхбатында.

Шоқан Маратұлы Данияр Өзбековтың топ әндерін орындауына қатысты сұраққа нақты жауап берген жоқ. Әнші ойланып көру керектігін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900404-oiymyz-bir-zerden-syqpady-all-davai-ansileri-nege-ozara-zanzaldasyp-zur/

pixel