Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Әйгілі актер Жерар Депардье әйел зорлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Жерар Депардье
Жерар Депардье. Фото: Bertrand Rindoff Petroff/Getty Images

Белгілі француз актері Жерар Депардьеге әйелді зорлады және жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрледі деген айып тағылып отыр деп хабарлайды РИА Новости.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, айып 16 желтоқсанда тағылған. Шағым түсірген жас актриса оқиға 2018 жылдың жазында болғанын жеткізген.

Қылмыс құрамы анықталмаған соң тергеу 2019 жылдың маусым айында тоқтатылды.

Ал танымал әртістің өзі бұндай жағдай мүлдем болмағанын атап өтті.

2020 жылдың тамызында Париж прокуратурасы істі қайта қарау туралы сұрау жіберді. Өткен жылдың қазан айында тергеуші істі жандандырғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Жерар Депардье жүздеген фильмге түскен атақты француз актерлерінің бірі. Ол 2013 жылы Франциядан кетті. Өнер иесі байларға салынатын салықтың тым көп екендігіне келіспей, Ресей азаматтығын алды.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында өгей әкесі қызын зорлады деген күдікке ілінген болатын.

Өңірлік Полиция департаментінің ақпаратынша, 23 желтоқсан күні кәмелет жасқа толмаған қыз ауруханаға барып, іші ауырғанын айтып шағымданады. Тексеру барысында жасөспірімнің жүктілігіне жеті ай болғаны анықталады.

Ақ халаттылар бұл жайында бірден Түлкібас ауданы полицейлерін хабардар етеді. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 120- бабы 4- бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы зорлау) бойынша тіркелді.

Ауыр қылмыс жасады деген күдікке қыздың өгей әкесі ілінді. Қазіргі уақытта азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900587-baq-aigili-akter-zerar-deparde-aiel-zorlady-degen-kudikke-ilindi/

pixel