Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазасына бара алмадым": Әкесін есіне алған Бақыт Әліпбаева өз өкінішімен бөлісті

Опубликовано:

Бақыт Әліпбаева
Бақыт Әліпбаева. Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актриса Бақыт Әліпбаева өткен жылдың жазында асқар тауы әкесінен айырылып қалған. Өнер иесі тіпті онымен қоштасып та үлгермеген. Әкесінің дүниеден өтетініне сенбеген ол ішіндегі өкінішімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бақыт Әліпбаева "Ең алғашқы" бағдарламасында әкесіне деген сағынышын жеткізіп, өз жан сырын ақтарды. .

"Мен ешқашан әкем өледі деп ойламадым. Ол маған үнемі жас болып көрінеті. Менің Бақыт болып қалыптасуыма ол кісінің еңбегі көп еді. Әкем тепкішекте құлап, жамбасын сындырып алды. Салмағы үлкен кісі еді. Спортпен айналысатын. Күнделікті жүгіріп, жаттығу жасайтын. Бізге жаттығу жасататын. Сиырларды өріске айдап, қайтарда жүгіріп келетін. Менің көрпемді тартып алып, үстіме су құятын. Осылайша қинап жаттығу жасататын. Салауатты өмір салтын ұстанды. Менің арманыма тосқауыл болмай өнерге ертіп әкелді. Туыстарым өнерге жіберме десе де, менің қалағанымды жасады. Мен тұрмысқа шықсам да, ешқашан қиналған емеспін. Себебі, сүйенерім болды. Әкем бар, әкем көмектеседі деп ойладым" , - деді Бақыл Әліпбаева.

Сұхбат барысында ол әкесінен айырылып қалған қаралы күнді есіне алып, көз жасына ерік берді.

Белгілі болғандай, өнер иесінің әкесі өткен жылы сырқаттанып дүниеден өткен. Алайда, қызы оның қазасына бара алмаған. Асқар тауымен қоштасып үлгермеген Бақыт Әліпбаева өз өкінішімен бөлісті.

"Асқар тауынан айырылған адам бірден есейіп, үлкен өмірді енді ұққандай болады. Сүйеніші жоғалғандай болады. Әкем жамбасын сындырған соң ауруханаға жатты. Санаторийде емделді. Ота жасатты. Ота сәтті жасалған соң жазылып кетеді деп ойладым. Сол кезде менің шәкірттерімнің маңызды емтиханы өтіп жатты. Мен солай бара алмай қалдым. Екі күннің ішінде жүріп кетті. Өкіндім. Ұшақпен ұшып бармағаныма өкіндім " , - деді актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1900974-qazasyna-bara-almadym-akesin-esine-algan-baqyt-alipbaeva-oz-okinisimen-bolisti/

pixel