Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйқысынан оянбады": Отандық актриса Әсел Асқардың енесі қайтыс болды

Опубликовано:

Әсел Асқар
Фото: Instagram/assel.askar

Қазақстандық танымал актриса, инста-блогер Әсел Асқардың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Желі жұлдызының енесі мезгілсіз өмірден озған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды Әсел Асқар өзінің Instagram парақшасында жеткізген. Актриса отбасылық жағдайларға байланысты әлеуметтік желілерден жоғалып кеткенін айтты.

Өнер иесі өз жазбасында марқұм енесін есіне алып, бүгінде жолдасына барынша қолдау көрсетуге тырысып жүргенін алға тартты.

"Айбектің анасы енді бізбен бірге емес. Осыдан жеті күн бұрын біз жақын адамымыздан айырылып қалдық. Өлімге ешкім ешқашан дайын болмайды. Ол шақыртусыз, ескертусіз кенеттен келеді екен. Сүйікті жар мен қамқор ана. Ол кісі сондай жас, сұлу әрі нәзік еді. Біз анамызды сол қалпында есте сақтап қаламыз. Оның балаларына қаншалықты қиын екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жолдасымның қиыналып жүргенін көру маған да аса ауыр тиеді. Ол анасымен сондай жақын еді. Ол кісі Айбекті бәрінен де қатты жақсы көрді.

18 ақпан күні таңертең бізге ол кісінің ұйқысынан оянбағанын хабарлады. Түнде ұйықтар алдында анамыз дәрет алып, төсегін ауыстырған екен. Оған қоса, ол кісі маңызды дүниелер жайында айтып, соңғы күндері өзін бақытты сезініп жүріпті.

Сол түні Айбек сағат таңғы 4:30 шамасында кенеттен оянып кетіп, маған қасына жатуымды сұрады (ол кезде мен баламның қасында жатқан болатынмын). Ол әдетте мұндай уақытта оянбайтын. Сосын мен жолдасымның қасына жатып, оны ұйықтаттым десем де болады.

Тұра сала біз анамыздың ортамыздан кеткенін естідік. Жедел жәрдем оның сағат 5:00-де ақтық сапарына аттанғанын анықтаған. Бұл жаңалықтың естіген бойда Айбек өзін соға бастады. Мен не істерімді білмедім. Бірақ, бар күш-жігерімді жинап, оның қасында болдым. Үш сағаттан кейін біз анамызды алып Таразға шығып кеттік.
Жолдасым жол бойы анасының қолынан ұстап жылап барды. Мен арттарынан жүріп отырдым. Ата-анамыз қатты жылады. Атамыз есінен танып қалды. Оның аяқтары жүрмей қалды. Айбек барынша мықты болуға тырысты. Ертесіне біз анамызды суға түсіріп, ақтық сапарына шығарып салдық", - деп жан сырын ақтарды ол.

Әсел Асқар жеті күн бойы қолына ұялы телефон алғысы келмегенін айтып, өзіне түсіністік таныта қолдау білдірген жандарға алғысын білдірді.

Актриса бұл орны толмас қаза оның отбасына аса ауыр тигенін жеткізді. Оның айтуынша, жолдасы бұл оқиғадан кейін 10 жасқа есейіп кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901100-uiqysynan-oyanbady-aktrisa-asel-asqardyn-enesi-qaitys-boldy/

pixel