Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірім сұрадым": Сиви Махмуди Ақбота Керімбековамен арақатынасы туралы айтты

Опубликовано:

Сиви Махмуди
Фото: Instagram/sivi_makhmudi

Отандық танымал әнші Сиви Махмуди Ақбота Керімбековамен қазіргі қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты. Ол даулы мәселеден кейін өнердегі әпкесінен өзі кешірім сұрағанын мойындады. Алайда, қос жұлдыз сол жағдайдан кейін әлі кездеспеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сиви Махмуди Ақбота Керімбекова екеуі арасында орын алған даулы оқиғаның мән-жайын "Ревю" бағдарламасында айтып берді.

Белгілі болғандай, Керімбекова қзінің сұхбатында Сивиді кәсіби әнші санамайтынын айтып, өз сөздерінен соңына дейін бас тартқан жоқ. Бұл жайт Махмудидің көңіліне тиді. Ол жақын араласып жүрген жаннан мұндайды есту қиын екенін жасырмады.

"Мен қазақ қызына қайран қалам" атты әні бар ғой. Ұзатуларда айтып жүретін соны. Соны мен бір тойда айтпақ болып. рұқсатын алғанмын. Сөйтсем, ол тойға маған ол кісінің құрбысы тапсырыс береді екен. Мен оны білмеймін. Тойға барып, сол кісінің қызын ұзатып жатсам Ақбота ханым тойда қонақ ретінде отырады. Ренжіп қалады маған. Мен рұқсатын алғанымен, оранжировкасын жасап үлгермедім. Ол менің де кінәм. "Неге оранжировкасын жаздырмадың" деген ренішін білдіді. Артынан осындай өкпелер кетті. Халық алдында маған "әнші" емес деп айтты.
Бұл жағдайдан кейін мен ол кісіден кешірім сұрадым. Бірақ, әлі көрген жоқпын өзін. Көрсем, енді бәріміз пендеміз ғой. Ол кісі де кешірімді деп ойлаймын. Кездескен күнде де жауласып жүреміз деп ойламаймын. Кім ұрыспайды? Ұмытып кетерміз деп ойлаймын. Бұған жай ғана пендешілік деп қарау керек", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901579-kesirim-suradym-sivi-maxmudi-aqbota-kerimbekovamen-araqatynasy-turaly-aitty/

pixel