RU

"Халал тойларға ғана барамын": Индира Расылхан ел күтпеген мәлімдеме жасады

Индира Расылхан кітап оқып тұр
Фото: Instagram/indirarasylkhan

Отандық танымал әнші Индира Расылхан әншілікті тастап, өнерден кетуді жоспарлап отырғанын айтты. Шоу-бизнес өкілі өзінің өмірлік және еңбек бағытын түбегейлі өзгертпекші. Ол өзін басқа қырынан танытпақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Индира Расылхан ел күтпеген мәлімдеме жасап, барша жанкүйерлерін таңғалдырды. Өнер иесі бұдан былай әншілікпен емес, мүлдем басқа іспен айналыспақ екенін жеткізді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында айтқан.

"Өте маңызды, соңына дейін оқыңыздар. Осы күнге дейін менің әншілігімді, өнерімді бағалап келген әрбір жанға алғысым шексіз. 23 жыл бойы сіздердің назарларыңызға біршама әндерді ұсындым. Аллаға шүкір жақсы қабылдадыңыздар. Ендігі кезде менің өмірім мен еңбек бағытым түгелімен өзгеріп жатқанын сіздерге жеткіземін. Біреуіңіз қимассыздар, біреуіңіз даттарсыздар, ал біреуіңіз менің жаңа бағытымды қабыл алып, мені қолдарсыздар деген сенімім мол. Халал тойлар мен адал жиындарға ғана баратын шығармын, ойланудамын. Ал дайын болыңыздар!

Менің толық бағытым -психология. Барлықтарыңыз менің өмірім мен өнерім қызықтырса, ендігі жерде менің айтар сөзім мен ойым қызықтырар деген ойдамын. Менің жаңа бағытымды қабылдай алмаймын дегендеріңіз болса, мархаббат, менің парақшамнан отписка жасай салыңыздаршы, өтініш. Менің осы уақытқа дейінгі алған білімімді сіздерге сарп етуге ниеттімін. Кім не десе де мен қабылдаймын. Ұрыспай-ақ шығып кете беріңіздер одан да. Тәтті аузымыздың дәмін кетірмейік.

Осында қалған жандарға мен тек шамам келгенше өмірді жақсы бағытқа өзгертуді, Асыл дініміз арқылы және де заманауи тұрғыдағы психология бағытымен ұштастыра отырып жұмыс жасағалы жатырмын. Мен үшін жаңа бағытта 100% ауысу алғашында оңай болмады, қобалжыдым, қорықтым. Ал енді, қорқа-қорқа батыр болдым", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901908-xalal-toilarga-gana-baramyn-indira-rasylxan-el-kutpegen-malimdeme-zasady/