Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ботаны әлі де сүйеді": Дәурен Айдарқұловтың жаңа фотосы ел жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Дәурен Айдарқұлов
Фото: Instagram/daurenaidarkulov

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов желіде бұрынғы жары Ақбота Сейітмағамбеттің фотосын жариялап, оның жаңа әнін жарнамалап берді. Желі қолданушылары экс-жарына жазба арнаған өнер иесінің оны әлі де сүйетінін болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбеттің фотосы мен жаңа туындысы Айдарқұловтың Instagram парақшасында пайда болған. Өнер иесі бұрынғы келінщегінің жаңа әніне жарнама жасап, әсерлі жазба қалдырған.

"Сүю деген бір-біріне қарау емес, бір бағытта қарау болып табылады" , - деп жазған әртіс.

Дәурен Айдарқұловтың бұл жазбасы желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп жіберген. Олардың басым көпшілігі актердің экс-әйелін әлі де қатты сүйеді деп топшылады.

"Дәурен Ботаны әлі де сүйеді. Нағыз ер азаматтың ісі" , "Ақбота мен Дәурен қосылса керемет болар еді" , "Екеуіңізге де бақыт тілеймін. Қосылып кетсеңіздер тіпті жақсы болатын еді" , "Өтінеміз, қайта қосылыңыздаршы, сіздер сондай жарасымды жұпсыздар" , "Дәурен Ақбота бір-бірлеріңізді әлі де жақсы көретін секілдісіздер. Неге қосылмасқа?" , "Сіздер сондай жарасымды жұп едіңіздер" , "Дәуреннің мына жазбасы жүрегіме жеткендей болды" , "Сіз оны әлі сүйесіз ғой? Неге қайтарып көрмейсіз", - деп жазуда оқырмандар.

Алайда, кейбір желі қолданушылары бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында бар болғаны жақсы қарым-қатынас сақталған деп жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1901966-botany-ali-de-suiedi-dauren-aidarqulovtyn-zana-fotosy-el-zuregin-elziretti/

pixel