Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым хан туралы фильмде басты рөлдерді сомдайтын актерлер белгілі болды (фото)

Опубликовано:

Берік Айтжанов28
Фото: instagram.com/kazakhfilm_official

Танымал режиссер Ақан Сатаев түсіріп жатқан Қасым хан туралы "Ұлы дала таңы" атты тарихи фильмде басты рөлдерді сомдайтын актерлердің есімі белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазақфильм" киностудиясының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен киностудияның мәліметінше, төмендегі актерлер толықметражды тарихи көркем фильмде басты рөлді сомдайды. Олар:

  • Қасым ханның жас кезін - Данияр Оразаев
  • Ересек Қасым ханды - Берік Айтжанов
  • Жас Бұрындық ханды - Айдос Абдықадыров
  • Ересек Бұрындық ханды - Ерік Жолжақсынов
  • Мұхаммед Шайбаниді - Нұрлан Әлімжанов
  • Жаһан бегімнің жас кезін Алтынай Нөгербек
  • Егде Жаһан бегімді Шамшагүл Мендиярова
  • Әли Рашидтің жас кезін - Қуаныш Құдайберген
  • Ересек Әли Рашидті - Тұңғышбай Жаманқұлов сомдайды.

Кинотуындыны Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы түсіріп жатыр.

Алғашқы түсірілім жұмыстары 25 ақпанда Алматы облысы Жаркент ауданы Көктал ауылының маңында басталды.

Фильмде Қасым хан билік еткен кезеңде Қазақ хандығының өркендеуі, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатуы баяндалады.

Дәл осы жылдары қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде өзге аймақтарға да белгілі бола бастады.

Еске сала кетейік, бұған дейін тарихи фильмді түсіруге пайдалану үшін пиротехникалық заттарды сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталғандарға сот үкімі шыққан еді.

"Қасым хан" киножобасы" бөлімінің бұрынғы директоры 2 жылға бас бостандығынан айырылса, оның екі сыбайласының 3 жылға бас бостандығы шектелген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902050-berik-aitzanov-nurlan-alimzan-qasym-xan-turaly-filmde-basty-rolderdi-somdaityn-akterler-belgili-boldy/

pixel