Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда блогер жасырған "қазынаны" тапқысы келген қалың жұрт жағажайға ағылды (видео)

Опубликовано:

Ақтау
Кадр: qazaqpyz_goi

Әлеуметтік желіде жағажайда құжынап жүрген қалың жұрттың видеосы тарауда. Белгілі болғандай, Ақтау тұрғындары блогер жасырған сағатты іздеп, жағажайға ағылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл жайттың видеосын 2 миллионнан астам жазылушысы бар отандық блогер Нұрдаулеттің өзі желі парақшасындағы Сторизде жария еткен.

Нұрдәулет
Кадр: nnnurdaylet

"Ақтауға өз сыйлығымызды жасырамыз" деген сөздермен желі парақшасында бейнежазба жария еткен Нұрдаулет өзінің қымбат сағатын жағажайда жасыруды ұйғарады. Ол видеода сағатты қай жерге жасырғанын көрсетіп, өз жазылушылары арасында квест ұйымдастыратынын мәлімдейді.

Нұрдәулет
Кадр: nnnurdaylet

Сағатын тастың астына жасырған азамат бұйым тапқан адамға бұйыратынын алға тартады.

Қымбат сағатты іздеп келген желі қолданушылары бірден Ақтаудың жағажайына ағылған. Видеодан олардың қарасы көп екенін байқауға болады. Көпшілік сағатты іздеп, жағажайда әрі-бері жүгіріп, сабылып жүр.

Ал блогердің өзі артынша мұнша көп адам жиналғанына таңданыс білдіріп, парақшасында бұл жайттың видеосын жария еткен.

Сағат
Кадр: nnnurdaylet

Көп ұзамай бұл видеомын qazaqpyz_goi атты Instagram парақшасы да бөліседі. Парақшаның желі қолданушылары бұл жайтқа қатысты сын-пікірлерін видеоның астына жарыса қалдыруда.

"Сағат алтын емес қой, сонша іздегендері қалай", "Маскамен жүрген бір адам көрмедік қой", "Сонымен, тапқан адам бар ма екен", "Бастапқыда Нұр-Сұлтанның гүліне шуылдап еді, енді сағатқа шуылдап жүр", - дейді пікір қалдырушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902066-aqtauda-bloger-zasyrgan-tegin-sagatty-tapqysy-kelgen-qalyn-zurt-zagazaiga-agyldy-video/

pixel