Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жол ашамын": Мадина Сәдуақасова ерекше қасиеті туралы айтты

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова әншіліктен бөлек бойында ерекше қасиеті бар екенін айтты. Өнер иесі өзінің жанында жұмыс істейтін адамдардың жолын аштын болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова өзіне қатысты бұрын-соңды айтылмаған тың мәліметті Instagram парақшасында бөлісті. Әншінің айтуынша, осыған дейін қасында көмекші болып жұмыс істеген жандардың барлығы жақсы қызметтерге шақырту алған.

"Неге осы Мадина Садуакасова көмекшілерін жиі ауыстырады?! Өйткені, маған келгендердің өздері де осал емес, оның үстіне менің де жолдарын ашып жіберетін қасиетім бар сияқты. Мысалы, бұрын менде жұмыс істеген Азамат Шаймерденұлы Роза Рымбаеваға директор болып кетсе, Сәкен Тоқтағұлов қазір продюсер, Саида болса дизайнер болып, Айгерім Қайнарбек өз бизнесін ашты.
Ал осыдан 4 ай бұрын келген Айдана креативты директор болып басқа жұмысқа шақыртылды! Енді, бүгін маған жұмысқа Іңкәр келді. Өзі режиссер, сценарист, адамдармен тез тіл табысып кететін қасиеті бар екен. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар!Шіркін, ұзағынан жұмыс жасасақ екен" , - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының жаңа көмекшісіне сәттілік тілеп, өз қолдауын білдірді. Олар өз көмекшілеріне жылы лебізін жеткізген Мадина Сәдуақасоваға да тәнті болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902108-zol-asamyn-madina-saduaqasova-erekse-qasieti-turaly-aitty/

pixel