Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 жастағы қазақстандық "Голос. Дети" шоуына қатысып, Бастаны тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Екатерина Табарина
Екатерина Табарина. Видеодан кадр: YouTube / Голос. Дети

12 жастағы елордалық Екатерина Табарина "Голос. Дети" шоуына қатысып, қазылар алқасының оң бағасын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстандық қыз "Проснись и пой" әнін орындаған. Өнер көрсетудің соңында оған Баста (Василий Вакуленко) бұрылған. Жас әнші көзіне жас алған.

"Сіз маған енді жыламаймын деп уәде бере аласыз ба, жақсы ма? Менің де екі қызым бар. Олар жылай бастағанда, мен бірден жұмсарып, көңілді қарияға айналамын", - дейді музыкант.

Нәтижесінде Баста қазақстандықты өз командасына шақырған.

"Біздің алдымызда өнер көрсеткенің үшін рақмет. Менің командама қош келдің. Бірге жұмыс істейміз", - дейді ол.

Осылайша, Екатерина Табарина келесі турға өтті. Баста оның тәлімгері атанады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін қазақстандық Қарақат Башанова Junior Eurovision - 2020 ән байқауында екінші орын алғанын хабарлаған болатынбыз.

Бірінші орын Франция өкілі Валентинаға бұйырды. Дауыс беру нәтижелері бойынша ол 200 балл жинаған. Қарақатта -152 балл. Үздік үштікті испаниялық Солеа қорытындылаған (133 ұпай).

Қарақат Башанова "Мәңгілік" әнін 7 жасында жоғалтқан әкесіне арнаған. Композицияның авторы қазақстандық композитор Хамит Шанғалиев. Ол өткен жылы осы байқауға Қазақстанның атынан қатысқан Ержан Максимге де ән жазған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902305-12-zastagy-qazaqstandyq-golos-deti-souyna-qatysyp-bastany-tanti-etti-video/

pixel