"Базарға айналдырмау керек": Ақбота Керімбекова өнердегі әріптестеріне кеңес берді

Опубликовано:

Ақбота Керімбекова
Фото: Instagram/botakerim

Отандық танымал әнші Ақбота Керімбекова әртістердің қиын өмірі туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі жұлдыздардың халық сынына бірінші болып ұшырайтынына ашынды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова өзінің ішкі күйінішімен Instagram желісінде бөліскен. Эстрада жұлдызы әртістердің жиі сынға қалып жататынын айтып, бұл жайтқа қатысты пікірін білдірді.

"Өнер адамының жөні бөлек, жолы ауыр келеді. Бұл тұжырымға қарап әртістер өз жүктерін өздері көтере алмай жүр екен демеңіз! Әр әнші өз мұңын өзі арқалап, ғанибетке үміт артып ғұмыр кешіп жүр, әйтеуір. Бірінші атылатын оқ әншіге тиеді, бірінші лақтырылатын тас әртіске тиеді. Олай болуына себеп те бар шығар! Жаны сірі, рухы өр әріптестерім бұған мүжілмеуі керек деп ойлаймын! Әркім өзінің кім екенін сезінуі, білуі керек тек" , - деп жазды Керімбекова.

Ол халықтың тарапынан болған наразылықтың да өзіндік себебі бар екенін жоққа шығармады. Бұл тұрғыда әнші өнердегі әріптестеріне өздерінің кім екенін ұмытпай, желідегі парақшасын базарға айналдырмауға кеңес берді.

"Әлеуметтік желі - парақша иесінің айнасы! Оны әнші әріптестерім базарға немесе сән көрсететін алаңға айналдырмауы керек! Кей отандастарымыздың жеке өмірді талқылай отырып, желкеге отырып алуы және ол әдетке ашынған әртісті жетесіз көруі сол кетіп жатқан кемшіліктерден шығар, бәлкім! Бұл да “бір кем дүние" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902624-bazarga-ainaldyrmau-kerek-aqbota-kerimbekova-onerdegi-ariptesterine-kenes-berdi/