Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген еліміздің денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты

Опубликовано:

Димаша Кудайбергенов
Фото: Instagram

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жөнінде C.U.R.E үкіметтік емес қайырымдылық қорының президенті Дуглас Джексон мәлім еткен.

Оның сөзінше, Димаш Құдайберген C.U.R.E жобасының амбассадоры ретінде Халықаралық әйелдер күнін онлайн форматтағы тойлау шарасына қатысып, ән шырқаған.

"Одан түскен шамамен жарты миллион доллар ақша дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсау үшін Қазақстанға табысталады", – деді Дуглас Джексон .

Сонымен қатар, онлайн форматта өткен шарада отандасымыздың сөз сөйлегені белгілі болды. Одан соң қиын-қыстау – пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне арналған әнінің бейнебаяны көрсетілді.

"Димаш Құдайберген жылдың басында онлайн концерт өткізді. Одан түскен табыстың бір бөлігін ол Қазақстанның денсаулық саласына берді. 500 мың доллар дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар сатып алу үшін жұмсалатыны айтылды. Осы жағдай біздің онымен жақын танысуымызға түрткі болды. Осылайша өнер иесін өзіміздің бас амбассадорымыз ретінде тағайындадық. Оның медицина қызметкерлерінің жанкештілігі мен қаһармандығына арналған әні бар", – делінеді хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1902962-dimas-qudaibergen-elimizdin-densaulyq-salasyna-500-myn-dollar-syiga-tartty/

pixel