Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдер күнінде басын тақырлап тастаған Нұртас Адамбай елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Нұртас Адамбай
Фото: Instagram/nurtasadambay

Отандық танымал актер әрі режиссер Нұртас Адамбай имиджін өзгертіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Кәсіпкерлікке бет бұрғанын хабарлаған өнер иесі кенеттен басын тақырлап тастаған. Оның жанкүйерлері мұндай өзгерісті мүлдем күтпегендерін айтып, әзілкешті ресейлік рэп орындаушы Джиганға ұқсатты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұртас Адамбай кәсіпкерлікке толығымен бет бұрып, бұдан былай "келінка Сабина" брендке айналатынын хабарлаған болатын. Ал енді актер шашымен қош айтысып, өз имиджін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдаған. Ол басын тақырлап тастады.

"Барша әйелдер қауымын 8 наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Менің жаңа шаш үлгім - сіздерге ұсынар сыйлығым" , - деп жазды ол.

Белгілі режиссердің жанкүйерелрі оның мұндай өзгерісіне аса қатты таңғалып, өз пікірлерін білдірді. Олар өнер иесін ресейлік рэп орындаушылар Джиган мен Доминик Джокерге қатты ұқсатты.

"Сәнді абориген" , "Джиган", "Доминик Джокер" , "Батыл шешім" , "Көзілдірікпен сізді тану мүмкін емес" , "Недеген өзгеріс, оған не себеп болды екен?" , "Жаңа образ?" , "Сізге жарасады екен. Енді шаш өсірмеңіз" , "Өмір мені мұндайға дайындамапты" , "Күтпеген жаңалық болды. Басыңызды тақырлап тастайды деп кім ойлаған" , "Мықты" , "Танымал әнші Pitbull-ға ұқсап кеттіңіз" , "Неге аяқ асты басыңызды тақырлап тастауды шештіңіз" , "Күтпеген жағдай" , "Ең болмағанда ескертпедіңіз бе?" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1903008-aielder-kuninde-basyn-taqyrlap-tastagan-nurtas-adambai-eldi-tangaldyrdy-foto/

pixel